Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

«Бекітемін»                                                                       

 Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

_______________А.Жақсиев

«_____» _________________ 2020 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы   19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының  2020 жылдың 13 қаңтардағы №4 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1)  бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3)   бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4)   бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5)  прокурорлық қадағалау актiлерi;

6)  сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында мақалалар берілді.

Есепті кезеңде жеке тұлғалардан 2 ұсыныс түсіп, барлығы заң шеңберінде уақытылы жауабы берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып отыр.

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің штаттық құрылымы 3 мемлекеттік қызметші, 4 қызметші келісім шарт негізінде жұмыс жасайды. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бөлімнің бас маманы 2 бірлік, хатшы 1 бірлік, аудармашы 1 бірлік, есепші 1 бірлік, жүргізуші 1 бірлік.

Есептік кезеңінде, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 5 қызметкер (бөлім басшысы, 2 көлік жүргізушісі, хатшы, есепші) жұмыстан босатылды. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. 2019 жылдың 12 айы бойынша 3 қызметкер (бөлім басшысы, хатшы, жүргізуші) тұрақты жұмысқа,1 қызметкер (есепші) уақытша бала күтімінде отырған қызметшінің орнына жұмысқа алынды.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылды. Бөлімде 2019 жылдың 12 айында 97 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдары,  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жариялануды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады.

Бөлім арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

 Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының жетекшісі

___________ А.Қ.Жақсиев

«____» ____________ 2020 жыл           

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі___________ Г.М.Маратова

«____» ______________ 2020 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі___________ А.Ә.Тайпақова

«_____» ______________ 2020 жыл        


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:03

Қаралым саны: 226