Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Сынама палатасы филиалының Атырау облысында зергерлік бұйымдарға сараптау жүргізуі

Проведение экспертизы ювелирных изделий Филиалом Пробирной палаты АО «НаЦЭкС» в Атырауской области  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Сынама палатасы филиалының Атырау облысында зергерлік бұйымдарға сараптау жүргізуіҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылдан бастап 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған іс-шаралар техникалық реттеу мәселелері бойынша Өңірлік штаб отырыстарында, дөңгелек үстелдерде, сонымен қатар Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі жиналысында өткізілді.

2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабына сәйкес:

- Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

- Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде жасанды жолмен алынған материалдар пайдаланылған кезде затбелгілерде осы тастың асыл тас емес екені көрсетілуге тиіс.

- Атаулы таңба уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті ұйымда (Сынама палатасы) міндетті тіркелуге жатады.

- Уәкілетті ұйым (Сынама палатасы) тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынады.

Жүргізілген түсіндірме жұмыстары негізінде, асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізумен айналысатын кәсіпкерлер Атырау облысында 2018 жылдың 19 қаңтарынан бастап зергерлік бұйымдарға сараптау жүргізу үшін «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Сынама палатасы филиалын (Алматы қ.) шақырды.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы базасында Департамент «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Сынама палатасы филиалының мамандарымен бірге түсіндірме жұмысын жүргізді.

Зергерлік және өзге де бұйымдар уәкілетті ұйымның коды бар «KZ» Қазақстан халықаралық аббревиатурасының бірегей «Барыс басы» символы бейнеленген Қазақстан Республикасының атаулы таңбасымен сынамалады және сараптама қорытындысы беріледі.

Қабылданған «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сараптауды жүзеге асыруға және бәсекелестік ортасындағы басқа қатысушыларға мүмкіндік береді, зергерлік бұйымдарды міндетті сынамалау және таңбалау тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын жағдайларды жоюға мүмкіндік береді.

 


Мақаланың шыққан күні: 25.01.2018 01:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 14:04

Қаралым саны: 2078