Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Сынау зертханаларын аккредиттеу мәселелері бойынша техникалық оқу өтті

Сынау зертханаларын аккредиттеу мәселелері бойынша техникалық оқу өтті2018 жылғы 28 наурызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент) сынау зертханаларын аккредиттеу мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (Алматы қ.) зертхананы бағалау бөлімінің сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының бағалаушысы, сарапшы-аудитор Асхат Абдуллаев сынау зертханаларын аккредиттеу рәсімдерінің тәжірибеде қалай жүргізілетіндігін түсіндірді.

Сарапшы – аудитор аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілерінде қолданылатын нормативтік құжаттардың әрекеті мен қолданылатын өлшеу құралдарының ҚР ӨМЖ тізіліміне енгізілуі мұқият тексерілетіндігін атап өтті, яғни аккредиттеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.

Іс-шара диалог үлгісінде өтті.

Техникалық оқу соңында Департамент басшысы Салтанат Камешева ұсынылған ақпарат үшін сарапшы – аудитор Асхат Абдуллаевқа алғысын білдірді.

Сынау зертханаларын аккредиттеу мәселелері бойынша техникалық оқу өтті


Мақаланың шыққан күні: 29.03.2018 01:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:29

Қаралым саны: 1436