Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

«Халық заңгері» акциясы өткізілді

Проведена акция «Народный юрист»Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімді арттыру мақсатында, қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын. Бұл бағытта жобалық басқару және қоғамдық бақылау негізінде кешенді жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Осы ретте, Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында 2020 жылдың 24 ақпанында Жылыой ауданы жұмыспен қамту орталығында ауданымыздағы мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, мекеме басшыларының, «Жылыой-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерінің қатысуымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді.

Тұрғындарға мемлекеттік органдардың басшылары, оның ішінде білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жер, тұрғын үй т.б салалар бойынша білікті де тәжірибелі мамандар, кәсіби адвокат, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы құқықтық кеңестер берді. Аталған «Халық заңгері» акциясы айына 1 рет тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Проведена акция «Народный юрист» Проведена акция «Народный юрист» Проведена акция «Народный юрист»

Мақаланың шыққан күні: 11.03.2020 10:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.03.2020 10:18

Қаралым саны: 74