Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Қолдану ережелерін сақтау жағдайы тексерілді

Мемлекеттік рәміздер өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған. Конституциялық Заң бойынша оның территориясында тұрған, барлық тұлғалар, Ту, Елтаңба, Әнұранды құрметтеуге міндетті.

Аудан әкімінің тапсырмасымен мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, ауданның нышандарын қолдану мен ілгерілету жөніндегі бекітілген жоспарды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның биылғы жылға арналған жұмыс жоспары және Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту мақсатында бөлім, мекеме басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялау кестесі бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының 1- бабына өзгеріс енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылуына орай, округ әкімдеріне, бөлім, мекеме басшыларына мемемелердің сыртқы және ішкі, маңдайшаларда, мемлекеттік рәміздер бейнеленген стендідегі, мекеменің мөрлерінде және құжаттардың бланкілерінде бейнеленген Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін биылғы жылдың наурыз айына дейін жаңа стандартқа сай ауыстыру жөнінде тапсырма берілген болатын. Тапсырма негізінде мемлекеттік органдар мен мекемелердегі мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру бойынша 2019 жылдың наурыз айында мемлекеттік рәміздердің қолданылуын қадағалау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі Миялы, Жангелдин, Ойыл ауылдық округтеріне мониторинг жүргізді.

Тексеріс барысында ауылдық округтер мен аудан орталығындағы 37 мемлекеттік мекеме қамтылды. Нәтижесінде көптеген мекемелердің маңдайшасында және басшылардың жұмыс кабинеттерінде орнатылған Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа стандартқа сай латын қаріпіне ауыстырылмағандығы анықталды. (37 мекеменің 34-інен осындай жағдай анықталды). Зерделеу барысында мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуы және қолданылуы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы заңдылық. Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі жаңғыруымыздың көрінісі. Сондықтан, болашақ дамуға бет алған еліміздің рухани көшіне жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

 

Г.Маратова, аудандық

ішкі саясат бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 06.06.2019 17:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.06.2019 17:39

Қаралым саны: 447