Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Сафон ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының №1 хаттамасы

Сафон ауылы «12» ақпан 2019жыл

Сафон ауылдық мәдениет үйінің сағат 16.00

акт залы

 

Қатысқандар: тұрғындар саны – 570.

Қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті мүшелері: - 11 адам

Қатысқандар - 8 адам. Бегалиева Рауза, Гимранов Сатыбалды, Замзамов Зарип, Сейтеков Аманғали, Бисенгалиев Бекежан, Лайсов Ерик, Абулхасимов Ерик, Султанова Сахипжамал.

Қатыспағандар: Джумакашев Файзулла, Шаштенов Трек, Муратов Утеули – ауырып қалуына байланысты.

Жиынға шақырылғандар: Аудандық мәслихат депутаты Р.Султанияев, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдер дамыту бөлім басшысы– З. Жоламанова .

Күн тәртібінде:

1.Сафон ауылдық округінің атауын өзгерту.

2.Сафон ауылының атауын өзгерту.

Жиналысты Сафон ауылдық округінің әкімі Р.Камзаева ашып, күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес түсінік беріп өтті.

Округ әкімі Р.Камзаева жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды, қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жиналыс төрағасы болып А.Сейтеков, хатшысы Б.Камзаева болып сайланды.

Р.Камзаева-округ әкімі: Заң талаптарына сәйкес төрағаны және хатшыны президиумға шақырамын.

А.Сейтеков-қоғамдастық мүшесі, жиналыс төрағасы.

Құрметті округ тұрғындары, қоғамдастық мүшелері! Округіміздің атауын және ауылымыздың атауын өзгерту көптен бері айтылып шешімін таппай жүрген мәселе. Бүгінгі жиналысымызды осы мәселені шешу үшін ұйымдастырып отырмыз. Ұлттық атаулар тәуелсіздік мемлекетіміздің бет бейнесі болса ал шекара маңындағы елді мекен атаулары Қазақстанның бет пердесі. Қазақстан шекарасы төңірегіндегі әрбір елді мекеннің атынан ұлттық болмыс пен ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұратындай болуы қажет деп ойлаймын, округіміздің атауы, ауылымыздың атауы атына заты сай, мән-мағыналы атау болғаны дұрыс. Сондықтан еліміздің жері мен суын, тіл мен тарихын танытатын ұлттық атауларды қоятын уақыт жетті.

Сіздердің округ атауын, ауыл атауын өзгертуде дұрыс ұсыныс жасайды деген ниетпен, ұсыныстарыңызды тыңдаймыз.

Пікір айтуға регламент белгілейік, пікір айтушыларға 3-5 минут уақыт берілсін. Дауысқа саламын, бірауыздан қабылданды.

1.Гимранов Сатыбалды- округ тұрғыны, зейнеткер.

Құрметті ауылдастар! Округ атауын, ауыл атауын өзгерту жөнінде мәселе көптен бері талқыланып келеді, ендігі жерде бүгін кезегі жеткен сияқты, бұл енді айналадағы шекарадағы аймағындағы ауылдардың орысша атауларын қазақша атауларына ауыстыруға деген бұрыннан келе жатырған мәселе. Біздің ауыл енді географиялық жағынан қарайтын болсақ мына өзектің бойында орналасқан ауыл және өзектің бойында көктоғай,орманның орналасқан жері және осы ауылымызда орман шаруашылығы көркейуіне ат салысып келе жатыр. Сондықтан менің ойымша округ және ауыл атауын «Тоғайлы» деп атау керек, себебі орман, тал тоғай болып есептеледі. Мен осы атауды ауылдастарыма ұсынамын, қалғандары қолдайды деген сенімдемін.

2.Ескулов Шакимардан–округ тұрғыны, шаруа қожалығының басшысы.

Құрметті ауылдастар! Міне бізге бүгін тарихи шешім қабылдау бұйырып отыр, менің алдымда сөйлеген ағамыз айтып кеткендей бұл мәселе жөнінде көптеген пікір таластар айтылды, бірнеше атаулар ұсынылар. Әркім өзінің туған жерін, қашыққа кеткенде де сағынады. Біз туған жерімізді не үшін сағынамыз? Басқан ізіміз бар, үлкендеріміз бар, дүниеден озғандар бар, алдарымызда ақсақалдарымыз бар.Жаңағы айтып кеткендей ауылымыздың өзі Қиғаш өзені бойында орналасқан, жағасында керемет орман, алқапты жерде тұрамыз. Бұл табиғаттың берген сыйы деп қабылдайық бәріміз.Тоғай деген сөздің өзі бір берекенің басы. Тоғайдың ішінде біздің малымыз жайылады, жағасында балығымыз бар, көктемде су келеді, біздің ауылымыздың өзі сыртынан қарасаң Швейцариядан кем болмайтын кезеңдері болады, әркімнің өзінің жүрген жері өзіне жұмақ. Сондықтан менде Сафон ауылдық округінің атауын Тоғайлы ауылдық округі деп, Сафон ауылын атауын Тоғайлы ауылы деп өзгертуге ризашылығымды білдіріп, ұсыныс айтамын.

3.Батырбеков Кикбай - округ тұрғыны, зейнеткер.

Бүгін тарихи маңызы бар мәселе талқыланып отыр. Туған аулымыздың қашанда жақсарғанын, гүлденгенін қалаймыз. Ал мен енді көп жылдан бері осы ауылда тұрамын, осы ауылда туып өстім, аулымыздың және ауылдық округіміз атауына «Орманды» деген атауды ұсынамын.

4.Молдагалиев Салауат-округ тұрғыны, шаруа қожалығының басшысы.

Құрметті ауыл тұрғындары! Ал енді мен осы жерде туып, өсіп, кіндік қаным тамған. Аулымыз өзімізге ыстық, тәуелсіздігімізді алғанымызға 27-жыл толып отыр, әрине Елбасымыздың саясаты өте дұрыс, аулымыздың атауы қазақи атау болғаны дұрыс деп есептеймін. Енді менін бір айта кетейін дегенім осы ауылда өзіміз,үлкендеріміз өмір сүріп келеміз, еңбек етіп тәмәмдаған жеріміз, сондықтан бір ұсыныс бар «Атамекен» деп атауға.

5.Жупаргалиев Сабыржан-округ тұрғыны, Ф.Энгельс жалпы орта мектебінің директоры.

Қадірменді ауылдастар! Бүгін күрделі, үлкен мәселе қаралып жатыр, осы мәселе бірнеше рет ауылымызда қаралды, ол деген саясаттың, қоғамның ағысы, сол қоғамның ағысымен жүруіміз керек, сондықтан ауданымыздың көп жерінде ескі ауыл атаулары ауыстырылды. Өздеріңіз қараңыздар кезінде Шевченко каласын Актауға, Гурьевті Атырауға ауыстырды. Бізде мектеп атауын өзгерттік, ол атауы Астана арқылы бекітіліп келеді. Сондықтан ауылдастар дұрыс көзқараспен қараңыздар. Ал бізге ортаға ой пікір салып, ауыл атауын өзгертуге мүмкіндік беріліп отыр, өзгертілетін нәрсе болғандықтан дұрыс шешім қабылдауға шақырамын, өзім пікірім округ атауы, ауыл атауы «Орманды» болсада, «Тоғайлы» болсада қарсы емеспін, қолдаймын.

6.Темиров Бахыт - округ тұрғыны, «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің төрағасы.

Кұрметті ауылдастар! Менің алдымда сөйлеп кеткендердің пікірі дұрыс,округ, ауыл атаулары ауыстырылу қажет.Мысалға осы ауылда үлкендеріміз, әке шешелеріміз, колхозды құраған адамдар бар,ал егерде осылардың біреуінің атағын қойса, қалғандары ренжиді,сондықтан менін ойымша «Тоғайлы» қазақша атауға тоқтаумыз керек. Ол өте жақсы атауы, себебі жоғарыда айтылғандай біздің ауылымыз Швейцариядан кем емес деген дей, ауылымызға қызығушылықтар көп, біздің орманымызға деген сұраныстар көп келуде. Сондықтан«Тоғайлы» деген атауға еш талас жоқ, мен соған келісемін, ауылымызға, округімізге «Тоғайлы» атауын беруді қолдаймын.

Барлығы: 6 адам ұсыныс-пікір айтты.

Сөйлеу тоқтатуды дауысқа саламын, бірауыздан қабылданды. Сөйлеу тоқтатылды.

Сафон ауылдық округінің атауын –«Тоғайлы», «Орманды», «Атамекен» ауылдық округі деп, Сафон ауылының атауын – «Тоғайлы», «Орманды», «Атамекен» ауылы деп атауға ұсыныс түсті. Ұсыныс қоғамдастық мүшелерімен ашық, жеке дауысқа салынды.

1.Сафон ауылдық округіне «Тоғайлы ауылдық округі» атауын беруге: Жақтап -8, Қарсы -0, Қалыс -0.

2.Сафон ауылдық округіне «Орманды ауылдық округі» атауын беруге: Жақтап -0, Қарсы -8, Қалыс -0.

3.Сафон ауылдық округіне «Атамекен ауылдық округі» атауын беруге: Жақтап -0, Қарсы -8, Қалыс -0.

4.Сафон ауылына «Тоғайлы» атауын беруге: Жақтап -9, Қарсы -0, Қалыс -0.

5.Сафон ауылына «Орманды» атауын беруге: Жақтап -0, Қарсы -8, Қалыс -0.

6.Сафон ауылына «Атамекен» атауын беруге: Жақтап -0, Қарсы -8, Қалыс-0.

Ашық, жеке дауыс беру қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округінің атауын –«Тоғайлы» ауылдық округі, Сафон ауылының атауын –«Тоғайлы» ауылы деп атауға бірауыздан шешім қабылданды.

Сафон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе ШЕШІМ ЕТТІ:

Сафон ауылдық округінің атауын «Тоғайлы» ауылдық округі деп, Сафон ауылының атауын «Тоғайлы» ауылы деп өзгерту мақсатында өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы округ әкіміне жолдансын.

 

Жиналыс төрағасы: А.Сейтеков

Жиналыс хатшысы: Б.Камзаева

Қоғамдастық жиналыс мүшелері:

1.Бегалиева Рауза

2.Гимранов Сатыбалды

3.Замзамов Зарип

4. Сейтеков Аманғали

5.Бисенгалиев Бекежан

6.Лайсов Ерик

7.Абулхасимов Ерик

8.Султанова Сахипжамал

9.Джумакашев Файзулла

10.Шаштенов Трек

11.Муратов Утеули


Мақаланың шыққан күні: 02.04.2019 15:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.04.2019 15:59

Қаралым саны: 806