Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы №1

 Котяев ауылы «03»қазан 2018 жыл

Байда ауылдық клубы сағат 15:00

 

Қатысқандар: тұрғындар саны – 562 адам.

Қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті мүшелері: 11 адам.

Қатысқандар – 9 адам. Исмагулов Якуб Өтепбергенұлы, Жантумаев Нұрлан Муслимұлы, Тусупкалиев Болат, Дюсалиев Берік Камалұлы, Мұфтахов Амандық, Мурзагалиев Рафих Ғимыранұлы, Бисахов Амиргали Рахимжанұлы, Ахметкалиев Мубарак, Ислямов Жанайбек Адилхатович. Екі қоғамдастық мүшесі – дәлелді себептермен (Атырау қаласына шақыртумен кетуіне байланысты) қатысқан жоқ. Ертаев Еламан Қайыржанұлы, Махмудов Темирболат.

Қоғамдастық жиналысына қатысуға шақырылғандар: - 2 адам.

Абдулов Болат Қалиұлы - №189 сайлау учаскесі бойынша аудандық маслихат депутатты.

Жоламанова Зияда Сәдуақасқызы – Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Күн тәртібінде:

1. Байда ауылдық округінің және Котяев ауылының атауын өзгерту жөнінде.

Тындалды:

Жиналысты Байда ауылдық округінің әкімі – Б.Г.Сарсенгалиев ашып, күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселе бойынша түсінік беріп өтті.

Б.Г.Сарсенгалиев: Байда ауылдық округінде 2018 жылдың қазан айының 3-і күні ауылдық клуб ғимаратында қоғамдастық мұшелерінің қатысуымен тұрғындар жиналысы өткізілетіндігін «Серпер» үнжариясына 2018 жылдың 30 тамыз күні 30 басылымына жарияланған болатын осыған орай бүгінгі күні сіздермен кездесіп отырмыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып жалпы қоғамдастық мүшелерінің 11 адамының 9 адамы қатысып отыр. жиналысты ашуға деген толық мүмкіндік бар. Қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын ұсынамын.

Жиналыс төрағасы Якуб Исмагулов.

Хатшысы болып А.Галиханов сайлансын.

Б.Г.Сарсенгалиев: Заң талаптарына сәйкес төрағасы президумға шақырылды.

Жиналыс төрағасы Я.Исмагулов қоғамдастық жиын алдында ұсыныс жасады. Күн тәртібіндегі Байда ауылдық округінің және Котяев ауылының атауын өзгерту жөнінде делінген, дегенмен Байда ауылдық округінің атауын өзгертпей тек Котяев ауылының атауын өзгертуді қолдасақ дегім келеді. Байда ауылдық округі деген сөзді қозғамай қалдырсақ деген ұсынысым бар, сондықтан дауысқа салып көрейік.

Байда ауылдық округі сол күйінде қалып өзгертілмесін дегендер қол көтеріңдер. Бір ауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші сөз Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жоламанова Зияда Сәдуақасқызына беріледі.

Котяев ауылының тұрғындарын ең бірінші ауданымыздың 90- жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, күн тәртібіндегі мәселеге айналды.

Күн тәртібінде қаралып тұрған мәселе Қазақстан Республикасының Президенті басшысының 2015 жылғы 13 қаңтардағы бұрыштамасымен ономастикалық атау беру қайта атау жұмыстары жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу.

Сұрақ: Б.Дюсалиев – қоғамдастық жиын мүшесі, округ тұрғыны.

1. Жаңа ауыл атауы өзгереді деп жатырсыз сонда атауы өзгергенде халық қалай болады үйдін құжаттары ауысама?

2. Осы Котяев ауылы атауы міндетті түрде ауысу керекпе?.

Жауап: Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жоламанова Зияда Сәдуақасқызы.

Оның ешқандай кедергісі жоқ оның бәрі электронды түрде қозғалады, жөнделеді ешқандай қаражат сіздерден шықпайды.

Идиологиялық тұрғыда ескірген атауларды қайтадан атауымыз керек деген қозғалыс болып отыр. Заңға орай ауысуы керек деймін.

Сөйлеушілер:

Я.Исмагулов – Зейнеткер, Қоғамдастық жиын төрағасы.

Құрметті жиналған ауыл тұрғындары, Котяев елді мекенің атын өзгерту мәселесімен қайтып келіп отырмыз. Бұған кезінде былтыр келгенде Өтепберген Әділгерейев келгенде бұл дұрыс деп айтып кеткен. ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Енсегеновтың округке жазған хатында Котяев ауылы кіретін округ Байда есімін ертеден иеленген. «Байда» сөзін кейінгі кездерде қалмақ сөзі деген жөнсіз пікірлер жаңсақтыққа жетелеуде. Шын мәнінде бұл түбі түркілік, көне сөз. Осы «Байда» сөзінің шығу тегі мен мағынасы туралы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Тарихи атаулардың этимологиясы» және бірнеше ғылыми зерттеу кітаптарының авторы Гүлбану Қосымова осындай пікірде. Жер су атауларының тарихымен ғылыми негізінде кәсіби тұрғыда айналысып жүрген ғалым ойрат сөздігінде «Байда» деген сөздің жоқ екенін, оны қалмақ сөзі деп жүргендердің қаңдай негізге сүйенетіндерінің белгісіз екенін айтады. Гүлбану Қосымова осы орайда маған жазған хатында «байда» сөзінің көне түркі тіліндегі «бағ» деген сөз, ал «да» жұрнақ. Сонда «бағда», яғни мағынасы: -«жауды тізе бүктіру» дегенді білдіреді деп түсінік берді. Ғалымның айтынша көне тілдің заңдылығына сәйкес сөздің срңындағы «ғ» дыбысы орта ғасырда «й» дыбысына айналған. Бұдан шығатын қортынды Байда атауы жаукершілік заманда тарихи маңызы бар орынмен байланысты болуы мүмкін деп т.йіндейді. Алдағы уақытта ғалымның тұжырымы қаперге алынса жөн болар еді. Жалпы келе жатқан атау, біздің құтты мекеніміз. Ал біршамамыз осы елді мекеннен туып өсіп тарап, өсіп жатырмыз. Кезінде конфескация кезінде қырда қазақтың малын сыпырып алғанда үлкен ашаршылыққа ұшырағанда осы байда елді мекеніне келді. Солардың ұрпақтары осы Қазақстанның түкпір түкпірінде жүр. Сондықтан менің өзімнің ұсынысым жолдастар өзіміздің туған еліміз, кіндік қанымыз тамған жер Байда ауылы, Байда ауылдық округі болса дегім келеді. Сондықтан менің өзімнің пікірім ұсынысым Байда ауылдық округі қалды ауылымыз Байда болып қалсын. Рахмет тыңдағандарыңызға.

Б.Дюсалиев – қоғамдастық жиын мүшесі.

Мен өзім қарсымын. Байданың мағынасы жоқ оны қайта-қайта оның атын беретін ештенесі жоқ дұрыс атау қою керек. Мен ойлаймын мына Бөкейхан мына жайық бойына қазақтарды ең бірінші әкеліп орналастырып бес мың қазақ отау шаңырағын қоңдырған Бөкейхан 1812 жылдан бастап 1815-жылға дейін басқарып елімізді Россиямен Жайықтың екі ортасында орналастырған. Мен ойлаймын сол кісінің зираты мына жерде жақын сол кісінің есімімен неге қоймасқа. Менің ұсынысым, пікірім Котяев ауылын «Бөкейхан» ауылы деп атау дұрыс деп есептеймін.

Р.Мырзагалиев – қоғамдастық жиналыс мүшесі

Мен осы ауылда оқыдым. Осы ауылда тұрам, әке-шешем осы ауылда тұрған. Байда деген бұл біздің тарихымыз, мен осында он жыл оқыдым, жоғары білім алдым, әкем осы Байдадан әскерге кеткен, яғни аталарымыз осы жерден соғысқа кеткен олар қайтып оралған жоқ Олар Германияда ма, Чехословакияда ма белгісіз сондықтан маған осы ауыл ыстық. Әр адамның өзінің ұсынысы бар сондықтан менің өзімнің ұсынысым Байда ауылы, Байда ауылдық округі болса деймін.

Г.Бисахов – округ тұрғыны.

Мен айтайын дегенім комиссия төрағасы Якуб Утепбергенұлы былай айтқанда сіздікі де дұрыс болар Байда деген өтпесе қайта-қайта жиналыс жасай беріп халықтын басын айналдырып Байда, Қайық демей бір келісім бір қазақтың атын қойайық бәрібір өзгертетін атқой, халықты тағы жинап жиналыс жасап жүре бермейді ғой. Біз түсініп отырмыз Байда бір өтпегесін өтпейтінің еңді «Бөкейхан» атауын қойсын ешкімге реніш болмасын, руғада соқпайды. Мен Бөкейханды қолдаймын.

Б.Қалиев – округ тұрғыны, зейнеткер

Село тұрғындары осы жаңа жылдан бері жаңа қарындасым айтып отыр тәжірибесі мол ат қою деп Бұл Котяев деген село 1853 жылы құралған село. Мен мына әркімнің өзінің пікірі бар қолдарсыздар қолдамарсыздар жиналыс дискуция ғо. Бұл орталық бір қортындыға келетін жиналыс. Мысалы Еділдің жағасында отырмыз «Қиғаш» деген волганың притогы саласында отырмыз. Өткен жиналыстада айтқам мен «Қиғаш» деген атты ұсынғым келіп отыр. Бірақ жаңа «Бөкей» деп айтып отыр көпшілік қолдаса соған қосыламын Бөкей деген ол жақсы хан болған, ақылды адам болған, халықпен тіл табысып, халықты силаған, үлкендерді жинап ақылдасып өз пікірін халықпен шешкен содықтан мен «Бөкейханды» ұсынамын. Енді Байда дегенді Яша өткеннен бері айтып жүр. Байда деген толковый словарда жоқ негізі қай-қайсысындада жоқ. Бұл Депердің бойында Орточка деген қолтық бар екен Байда сол қолтық Привольский казактардың қойған аты деп атайды Байда деген сөздің өзі поэзия екен. Оның бір мағынасы чепуха деген сөз. Сондықтан мен болса «Бөкейханды» қолдаймын.

А.Бисахов – қоғамдастық жиын мүшесі.

Менде бір ұсыныс Байда ауылдық округі болып қалып Котяев селосы «Бөкейхан» селосы болып қалама? Байда ауылдық округі болып қалса мен Котяев ауылын «Бөкейхан» деп атауын өзгертуді ұсынамын, қолдаймын. Себебі өткен жиналыста қолдап Байда ауылы болсын дедік енді ол өтпей келіп отыр сондықтан енді өтпейді сондықтан «Бөкейхан» болсын.

Н.Жантумаев – қоғамдастық жиын мүшесі.

Менде өзімнің ұсынысымды, пікірімді айтып жіберейін. Біз Байдада өстік, оқыдық бұл тарих. Бұл заңға сәйкес Котяев өзгеретін болса мен жаңағы «Бөкейханға» келісімін себебі ол 200 жыл бұрынба нақты айталмаймын осы арада өсіп, осы арада ханы болған біздің ауданды билеген. Махамбет ауданында Махамбет, Исатай ауданында Исатай, неге біздің аудан болмағанын ал сондықтан ауыл атауы Бөкейхан болмасқа. Бөкейхан болсын мен қолдаймын.

Қ.Утепов – округ тұрғыны, зейнеткер.

Мысалы қоғамдастық мүшесі емеспін, менің пікірім Байда деп сіз Яша талдап айтып отырсыз, енді қоғамдастық мүшелері кімді қолдайды сізді қолдайма әлде түскен ұсыныс сол кісіні қолдайма. Мен «Ер Қосай» атауын қоюды қолдаймын.

Барлығы: 9 адам ұсыныс-пікір айтты.

Сөйлеу тоқтатылды.

Котяев ауылының атауын өзгертуге 2- ұсыныс түсті, олар

1.«Байда» ауылы деп атауға

2.«Бөкейхан» ауылы деп атауға

3. «Ер Қосай» ауылы деп атауға

Әрбір ұсыныс қоғамдастық мүшелерімен ашық, жеке дауысқа салынды:

1. «Байда» ауылы деп атауға; қолдап-4, қарсы – 4, қалыс – 1.

2. «Бөкейхан» ауылы деп атауға; қолдап-4, қарсы – 4, қалыс – 1.

3. «Ер Қосай» ауылы деп атауға; қолдап-0, қарсы – 0.

Байда ауылдық округінің жергілікті және Котяев ауылының қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Байда ауылдық округ атауы «Байда ауылдық округі» болып қалдырылсын.

2. «Котяев» ауылы атауы Қоғамдастық мүшелерінің дауысы тең болғандықтан жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады. Төраға Байда ауылын қолдап отырғандықтан «Байда» ауылы деп өзгертуге келісім берілсін.

3. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы округ әкіміне жолдансын.

Жиналыс төрағасы: Я.Исмагулов

Жиналыс хатшысы: А.Галиханов

Байда ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті қоғамдастық мүшелерінің тізімі.

 

Котяев ауылы «03» қазан 2018 жыл

Байда ауылдық клубы сағат 15:00

1. Исмагулов Якуб Утепбергенович ______________________

2. Тусупкалиев Булат ______________________

3. Жантумаев Нурлан Муслимович ______________________

4. Ахметкалиев Мубарак ______________________

5. Мурзагалиев Рафих Гимыранович ______________________

6. Бисахов Амиргали Рахымжанович ______________________

7. Мұфтахов Амандық ______________________

8. Ислямов Жанайбек Адилхатович ______________________

9. Дюсалиев Берик Камалович ______________________

10. Махмудов Темирбулат дәлелді себептерм ен қатықан жоқ.

11. Ертаев Еламан Кайыржанович  дәлелді себептермен қатысқан жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 28.02.2018 07:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2019 16:38

Қаралым саны: 1697