Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы Қаржы басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасы мемлекетік қызметшілерінің әдеп кодексін талқылауға байланысты өткізілген бас қосудың хаттамасы

 Қаржы басқармасы № 3

07 маусым 2017 ж.

Күн тәртібі:

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» талқылау.

Төрағалық еткен: Жылқыбаев Бағытжан Мазғалиұлы – Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы

Қатысқандар: Қаржы басқармасының ұжым қызметкерлері.

Басқарма басшысы Б.М.Жылқыбаев қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарымен таныстырды. Мемлекеттік қызметшілер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруда мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтап, жұмыс уақытын тиiмдi пайдаланып, қызметтен тыс уақытта қабылданған әдеп нормаларын ұстанулары, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуi, халық үшін қызмет ететіндіктерін естерінен шығармау керектігін баса айтты. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларына нұсқан келтіретін суреттерді жариялауға, смартфондар ұстауға жол берілмейтіндігін,өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстанбай, яғни ерлердің костюмсіз, галстуксыз, қысқа жеңді көйлекпен және әйелдердің киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстанбауы мемлекеттік қызметкерлер арасында кездесетіндіктен, ондай оғаш қылықтардан бойларын алшақ ұстаулары қажеттігін қатерге берді. Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасымен мемлекеттік қызметшілердің медиаларды, аккаунттарды қолдануына мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде кейбір қызметкерлердің Әдеп кодексінің нормаларына нұсқан келтіретін суреттер жариялағаны анықталды. Алдағы уақытта Әдеп кодексінің нормаларына нұсқан келтіретін суреттерді жариялауға жол бермей, қызметкерлердің суреттерін әлеуметтік желілерден жоюлары керектігін ескертті.

Басқарманың кадр және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы А.О.Махметова айтылғандардың шындыққа саятындығын, өйткені мемлекеттік қызметшілер арасында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстанбай, яғни ерлердің костюмсіз, галстуксыз, қысқа жеңді (түрлі түсті, торлы) көйлекпен және әйелдердің киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстанбау фактілерінің кездесетіндігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілер мiнез-құлық қағидаларын құрметтеп, бір-бірімен сыпайы сәлемдесіп және дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту сияқты қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға және жолын кесуге міндетті екендіктерін ескертті. Әдеп кодексінің нормаларына нұсқан келтіретін суреттерді жариялауға жол бермеу қажет.

Басқарма басшысының орынбасары С.Ж. Демегенов орын алып отырған келеңсіз жағдайлардың мемлекеттік қызметшілердің атына кір келтіретіндігін, басқармадағы қызметкерлер арасында әлеуметтік желілердегі парақшаларына Әдеп кодексінің нормаларына нұсқан келтіретін суреттер жариялауға жол берілмейтіндігін тілге тиек етті.

Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы Б.К.Джаксыгалиев айтылғандардың мемлекеттік қызметкер атағына кір келтіретіндігін, қарапайымдылықты, терең ойлылықты басшылыққа алып, қызметкерлерді қарапайым да білімді болуға шақырды.

Басқарма басшысы Б.М.Жылқыбаев қызметкерлерді орын алған келеңсіз жағдайлар кездеспеу керектігін, Әдеп кодексіндегі нормаларын ұстануларын, мемлекеттік қызметшілердің парасатты, абыройлы, талапты, қарапайым болулары керектігін ескертті.

Басқарма басшы Б.Жылқыбаев

Хатшы А.Каламкалиева


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2017 08:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2017 08:23