Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.06.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілген семинардың хаттамасы

Атырау қ. 11.10.2016 жыл
сағат 11.00

 

Семинарды өзінің кіріспе сөзімен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Баймағамбетова Алмагүл Төлегенқызы ашты.

 

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Осы стратегияның маңыздылығымен өзектілігін түсіне отырып, Басқармамен тақырыптық семинар өткізу ұйымдастырылуына байланысты "Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Жаншабай Абзал Керимбекұлы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі түсіндіру үшін шақыртылды.

 

Сөз Жаншабай Абзал Керімбекұлына беріледі.

 

Құрметті шараға қатысушылар!

Бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресуге жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, "Қазақстан-2050" Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, - деп нақты атап көрсетілгендей, "Мемлекет және қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын мақсатты және кезең-кезеңімен түсіндіру үшін әлемдік стандарттарға сай институттар мен тетіктерді құруға бағытталған.

2001 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, соның шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауын жою жөнінде нақты шаралар қабылдануда.

Біздің елімізде қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қызмет атқарады, оның негізі болып "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдары болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті орган құрылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылады.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын қабылдап, осы келеңсіз құбылысқа

 

 

қарсы күрестің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі қағидалары мен тетіктерін айқындады.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған, жемқорлықтан туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту, негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлерін белгілейді сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын айқындау.

Сіздерге барлықтарыңызға белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986 жарлығымен "Қазақстан республикасындағы сыбайлас Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегисы бекітілді.

Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" жолдауын іске асыру жөнінде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 33 тармағын орындау үшін стратегия әзірленді.

Стратегияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 9 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз құзыреті шегінде қоғамдық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті бейнелейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға жол бермеу керек. Мемлекет басшысымен құқықтық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілер алдына ауқымды міндеттер қойылды. Әрбір Қазақстандықтың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ете отырып, еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін арттыру үшін өз үлесімізді қосамыз.

Назарларыңызға рахмет!


Мақаланың шыққан күні:: 09.01.2017 14:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.01.2017 14:02