Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.08.2017

Қызметтер

Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің сақталуы мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстелдің хаттамасы

Атырау қ.

5 сәуір 2017 жыл
сағат 11.00

 

Төрағалық еткен: Басқарма басшысы

Қатынасқандар: Басқарма қызметкерлері

 

Өзінің кіріспе сөзімен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймағамбетова Алмагүл Төлегенқызы сөйледі.

Құрметті әріптестер!!!

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша тақырыпты талқылауға жиналып отырмыз. Осы тақырыпты нақтырақ егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Басқармаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сәлімғали Ринат келіп отыр.

 

Сөз Сәлімғали Ринатқа беріледі.

Құрметті қатысушылар!!!

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:

- заңдылық;

- Қазақстандық патриотизм;

- азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;

- лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;

- мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;

- әдептілік;

- құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

 

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекешелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код» болып саналады. Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық, мұнтаздылық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Киімдер көлем бойынша ерекшеленуі мүмкін, яғни іс-қимылға кедергі жасамауы тиіс, сондай-ақ байсалды көрінуі қажет. Жыл мезгілдеріне байланысты киімдер байсалдылық пен сырбаздық талаптарын сақтай отырыптүсі мен тігіні әр түрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болуына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе пляждық стилдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпірлер, кроссовкаларды киюге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметшілерге – әйелдерге іш киімдері көрінетін ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пішінін тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.

Іскерлік классикалық үлгідегі киімдерге қарапайым және шынайылыққа жақын макияждар сәйкес келеді, ол назар салмауы және көзге түспеуі тиіс. Еріндік далаптан шынайылыққа жақын түстері сәйкес келеді және тым ашық түстілерге жол берілмейді. Іскерлік стильдегі маникюрлерге кез келген түстер сәйкес келеді, ең бастысы түрі тым ашық немесе көзге түсетіндей болмауы тиіс, шаш түстері табиғи түске жақын болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшіліердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртптік шара колдануға алып келеді. Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауды және ілгерілеуде оң әсерін тигізетіндігін еске саламын.

Назарларыңызға рахмет!


Мақаланың шыққан күні:: 18.04.2017 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.04.2017 16:59