Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика бойынша өткізілген дөңгелек үстелдің хаттамасы

Атырау қ. 24 ақпан 2017 жыл

сағат 11.00

Төрағалық еткен: Басқарма басшысы

Қатынасқандар: Басқарма қызметкерлері

Өзінің кіріспе сөзімен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймағамбетова Алмагүл Төлегенқызы сөйледі.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия отырысының хаттамасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бойынша тақырыпты талқылауға жиналып отырмыз. Аталған тақырыпты және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақтырақ егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Басқармаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ұзақбаев Нұржан Ғалымжанұлы шақыртылды.

Сөз Ұзақбаев Нұржан Ғалымжанұлына беріледі.

Құрметті кездесуге қатысушылар!!!

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Сондықтанда еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары болып табылады.

Одан басқа, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға арналған, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды.

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыты - ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып жемқорлықпен күрес жұмыстарын жүргізу және әрбір қоғам мүшесінің сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі мен жемқорлықты қабылдамауы болып табылады.

Стратегияның негізгі мақсаты:

* мемлекеттің осы бағыттағы саясатының тиімділігін арттыру;

* елімізде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасап, оған бүкіл қоғамды тарту;

* Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияның негізгі міндеттері:

* мемлекеттік қызметтегі, соттағы, құқық қорғау органдары мен квазимемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу;

* қоғамдық бақылау институтын енгізу;

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

* осы тақырыпта халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Осы стратегияның 4.5. бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мәселесі егжей-тегжейлі жазылған.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың салдары мен оның мән-мағынасын анық та, айқын түсінген адамның сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы өзгеріп, оның іс-әрекеті мен жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы қалыптасады.

Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті білім жүйесі арқылы қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтқанда, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бекітілді. Және де осы бағыт бойынша қазіргі таңда қарқынды жұмыстар жасалуда.

Назарларыңызға рахмет!


Мақаланың шыққан күні:: 06.03.2017 18:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.06.2017 05:22