Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.07.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс хаттамасы

Кеңесті өзінің кіріспе сөзімен Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Баймагамбетова А. Т. ашты.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!

Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986 жарлығымен "Қазақстан республикасындағы сыбайлас Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегисы бекітілді. Осыған байланысты жоспарға сәйкес басқарма басшылығы "Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне басқарманың қызметкерлері үшін тақырыптық дәрістер өткізу үшін өтініш хатпен шыққан болатын.

Маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып, "Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандары Дәулетова Л.Қ. мен Аманиязова А.Т. Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына дәріс өткізуге келіп отыр.

 

Сөз Дәулетова Любовь Қадрсихқызына беріледі.

Құрметті қатысушылар!

Барлықтарыңызға белгілі, мемлекет Басшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, өзінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығымен министрлер кабинетін және бірқатар Агенттіктерді қысқартты, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері мен экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігін қысқартып, бұл ретте мемлекеттік қызмет істері жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі құрылды.

Жаңадан құрылған органда жұмыс тәсілдері түбегейлі өзгерді, барлық екпін қуғын-сүргіннен ығыса отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескертуге көп ықпал қойылды.

Жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жемқорлыққа қарсы қоғамға ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында мамандандырылған бөлімдердің құрылуы, алға қойылған бағыттардың жоғары көрсеткіші екенін айтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986 жарлығымен "Қазақстан республикасындағы сыбайлас Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегисы бекітілді.

Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" жолдауын іске асыру жөнінде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 33 тармағын орындау үшін стратегия әзірленді.

Оның негізгі бағыттары Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бастамалармен келісіледі, құқықтық саясат тұжырымдамасы, көлеңкелі экономикаға қарсы бағдарламаларды одан әрі жетілдіру, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы мен Қазақстанның-2050 даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Стратегияны әзірлеу кезінде Сингапур, Финляндия, Оңтүстік Корея, секілді елдердің жемқорлыққа қарсы озық тәжірибесі ескерілді, сондай-ақ Грузия, Молдавия, Ресей елдерінің жаңа стратегиясы ескерілді. Бұл басты стратегиялық құжат, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы принципті ұстанымдарын көрсетеді. Стратегияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Стратегияның тиімділігін бағалауды іске асыру нысаналы индикаторларсыз мүмкін емес.

Сондай индикаторлардың бірі:

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасы.

Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы, олардың қызметінің ашықтығы мен айқындылығы мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету– сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының табысты болуының негізі. Шенеуніктің азаматтармен тікелей байланысы жемқорлық көріністері үшін алғы шарттардың болуы болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі ашық және неғұрылым оңай болған сайын, соғұрлым сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, адамдық фактордың әсерін төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бірқатар міндеттерді қамтиды:

1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң жобасы, соңғы әкімшілік реформалар туралы заңнамалық актілеріне, уәкілетті орган жайында әзірленеді.

Жаңадан құрылған Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері, уәкілетті орган туралы заңның идеологиясын бекітеді. Жаңадан құрылған органда жұмыс тәсілдері түбегейлі өзгерді, барлық екпін қуғын-сүргіннен ығыса отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескертуге көп ықпал қойылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңда сыбайлас жемқорлықты алдын алу тетіктері көзделеді. Мемлекеттік қызметшілердің кірістеріне және шығыстарына жалпыға бірдей декларациялау институты енгізіледі. Бұл шенеуніктің мүліктік жағдайына сәйкестігі жөнінде кірістеріне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Егерде сәйкес келмеген жағдайда оған мүліктің заңдылығын дәлелдеуге тура келеді. Олай болмаған жағдайда заңсыз байуы жөнінде жауапкершілікке тартылып, тәркілеуге жатады. (Қолданысқа 2018 жылдан бастап). Мүдделер байланысы деген ұғым заңнамаға енгізілгеніне төрт жыл болды, бірақ әлі күнге дейін оның механизмін реттеуге қол жетпей отыр. Осыған байланысты мүдделер байланысы мен алгоритм іс-әрекеттерін болдырмауға және шешуге байланысты үлгілік тізбесі әзірленді.

Біз Сіздермен екі жақты диалог көрсетуге дайынбыз, біз Сіздердің сенімді серіктестігіңіз екенін ұмытпаңыз, барлығымыз Мемлекет игілігі үшін қызмет атқарамыз.

Назарларыңызға рахмет!


Мақаланың шыққан күні:: 07.09.2016 19:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 19:23