Array Жеңіл автокөлікті сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары туралы №8 хаттама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2017

Қызметтер

Жеңіл автокөлікті сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары туралы №8 хаттама

Жеңіл автокөлікті сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алулардың қорытындылары туралы
№8 хаттама

Атырау қаласы 2015 жылғы 10 желтоқсан
сағат 9-55 жергілікті уақыт

1. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы – Тапсырыс беруші: «Қазақстан
Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,77 «Жеңіл автокөлікті сатып алуды» бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізді.
2. Сатып алуға бөлінген сома: 5 097 700 (бес миллион тоқсан жеті мың жеті жүз)
теңге 00 тиын;
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме:аппарат басшысының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№237 бұйрығы.
4. Жеткізіп берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі:
Жеткізіп беруші Заңның 32-бабы 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
5. Шарт жасалатын Жеткізіп берушінің атауы мен орналасқан жері және мұндай
шарттың бағасы: «АЗИЯ АВТО» АҚ ШҚО, Өскемен қаласы, Бажова көшесі, 101/1 сомасы 5097700 (бес миллион тоқсан жеті мың жеті жүз) теңге 00 тиын.
6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: сарапшылар
тартылған жоқ.
7. Мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүргізу нәтижесі бойынша
мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы ШЕШТІ:
1) Жеткізіп беруші «АЗИЯ АВТО» АҚ ШҚО, Өскемен қаласы, Бажова көшесі, 101/1,
жалпы сомасы 5097700 (бес миллион тоқсан жеті мың жеті жүз) теңге 00 тиынға тауар сатып алынсын;
2) Тапсырыс беруші «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты»
ММ-і 2015 жылғы 26 желтоқсанға дейінгі мерзімде «АЗИЯ АВТО» АҚ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын;
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Тапсырыс беруші «Қазақстан
Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ-і осы хаттаманың мәтінін веб-сайтқа жолдасын.

Облыс әкімі
аппаратының басшысы Е.Баспаев

Мемлекеттік сатып алуларды
ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Е.Перепечкина


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 11:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 11:09