Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.08.2017

Қызметтер

Автокөліктерді сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары туралы № 7 хаттама

Автокөліктерді сатып алуды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алулардың қорытындылары туралы
№ 7 хаттама


Атырау қаласы 2015 жылғы 19 қараша
сағат 9-55 жергілікті уақыт

1. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы – Тапсырыс беруші: «Қазақстан
Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,77 «Автокөліктерді сатып алуды» бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізді.
2. Сатып алуға бөлінген сома: 10150000 (он миллион бір жүз елу мың) теңге 00 тиын;
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: аппарат басшысының 2015 жылғы 12 қарашадағы
№218 бұйрығы.
4. Жеткізіп берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі:
Жеткізіп беруші Заңның 32-бабы 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
5. Шарт жасалатын Жеткізіп берушінің атауы мен орналасқан жері және мұндай
шарттың бағасы: «АЗИЯ АВТО» АҚ ШҚО, Өскемен қаласы, Бажова көшесі, 101/1 сомасы 10150000 (он миллион бір жүз елу мың) теңге 00 тиын.
6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: сарапшылар
тартылған жоқ.
7. Мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүргізу нәтижесі бойынша
мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы ШЕШТІ:
1) Жеткізіп беруші «АЗИЯ АВТО» АҚ ШҚО, Өскемен қаласы, Бажова көшесі, 101/1,
жалпы сомасы 10150000 (он миллион бір жүз елу мың) теңге 00 тиынға тауар сатып алынсын;
2) Тапсырыс беруші «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты»
ММ-і 2015 жылғы 18 желтоқсанға дейінгі мерзімде «АЗИЯ АВТО» АҚ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын;
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Тапсырыс беруші «Қазақстан
Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ-і осы хаттаманың мәтінін веб-сайтқа жолдасын.

Облыс әкімі
аппаратының басшысы Е.Баспаев

Мемлекеттік сатып алуларды
ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Е.Перепечкина


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 11:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 11:11