Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Өнеркәсіп

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 1289,2 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң тиісті кезеңмен салыстырғандағы нақты көлем индексi – 110,7%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 1197,65млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 111,2% .

Осы мерзімде 8399,8 мың. тонна мұнай, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111%, 4307,9 млн. текше м. ілеспе мұнай газы (113,5%) өндiрілді.

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 5002 мың. тонна мұнай өндірді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103%, ілеспе мұнай газы 2725 млн. текше метр (102%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мың 471,2 мың. тонна мұнай (102,9%), 43,5 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (126,8%) өндірді.

«НКОК» Компаниясында 2441,98 мың.тонна мұнай (133%), 1535,1 млн.текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (140%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 76,19 млрд. теңге сомасын құрады, НКИ – 107,9%.

«АМӨЗ» ЖШС-де 887,5 мың тонна көлемінде мұнай өнімі өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,1%-ды құрады.

Сонымен қатар: автобензин – 183,1 мың тонна (156,5%), дизель отыны –206,4 мың тонна (116,7%), отындық мазут – 192 мың тонна (65,4%).


Мақаланың шыққан күні: 08.04.2019 17:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2019 17:09

Қаралым саны: 634