Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өнімінің көлемі 7512,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 110,6%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 6844,1 млрд. теңге сомада өнім өндiрiлді, өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 111,2%-ды құрады.

47,2 млн. тонна мұнай және 23,6 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейіне, тиісінше 111,7% және 112,9%.

«Теңiзшевройл» ЖШС 28,6 млн. тонна мұнай өндірді немесе 2017 жылдың деңгейіне 99,7%, ілеспе мұнай газы – 15,6 млрд. текше метр (103,6%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мұнай өндіру 2,9 млн. тоннаны құрады (101,9%), ілеспе мұнай газы – 221,2 млн. текше метр (110,8%).

«НКОК» компаниясы 13,2 млн. тонна мұнай(159,5%) және 7,7 млрд. текше метр ілеспе мұнай газын (161,4%) өндірді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 590,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың деңгейіне 108,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп өсімі мұнай өндіру көлемінің (111,8%), ілеспе мұнай газының (113,1%) өсуі есебінен болды. Өңдеу өнеркәсібінде сусындарды өндіруде (157,3%), қағаз және қағаз өнімдері (157%), химия өнеркәсібі (235%) және басқаларында өсім болды.


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 16:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 16:19

Қаралым саны: 755