Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 2368,8 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң тиісті кезеңмен салыстырғандағы нақты көлем индексi – 111,6%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 2153,8 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 113,6% .

Осы мерзімде 15466,8 мың. тонна мұнай, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,2%, 7780,4 млн. текше м. ілеспе мұнай газы (116,5%) өндiрілді.

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 9909,5 мың. тонна мұнай өндірді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9%, ілеспе мұнай газы 5426,7 млн. текше метр (101,9%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мың 924 мың. тонна мұнай (100%), 69 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (107,3) өндірді.

«НКОК» Компаниясында 3824,9 мың.тонна мұнай (171,9%), 2220,3 млн.текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (171,3%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 187,6 млрд. теңге сомасын құрады, НКИ – 102,0%.

«АМӨЗ» ЖШС-де 1720,6 мың тонна көлемінде мұнай өнімі өңдірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1%-ды құрады.

Сонымен қатар: автобензин – 282,8 мың тонна (117,7%), пеш отын майы – 59,3 мың тонна (224,6%), дизель отыны – 397,2 мың тонна (86,9%), отындық мазут – 504,8 (103,7%).

 

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2018 жылы қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 1097,4 млрд.теңгені, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 157,9% құрады.


Мақаланың шыққан күні: 25.05.2018 03:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 10:12

Қаралым саны: 980