Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Өнеркәсіп

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 4041,6 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң тиісті кезеңмен салыстырғандағы нақты көлем индексi – 124,1%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 3637,3 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 126,7% .

Осы мерзімде 31201,5 мың. тонна мұнай, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,7%, 15339,7 млн. текше м. ілеспе мұнай газы (132,3%) өндiрілді.

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 21435,8 мың. тонна мұнай өндірді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,9%, ілеспе мұнай газы – 11903,5 млн. текше метр (108,5%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мың 2116,8 мың. тонна мұнай (99,7%), 148,4 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (103,7%) өндірді.

«НКОК» Компаниясында 5851,9 мың.тонна мұнай, 3386,4 млн.текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 359,9 млрд. теңге сомасын құрады, НКИ – 104,9%.

«АМӨЗ» ЖШС-де 3408,1 мың тонна көлемінде мұнай өнімі өңдірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4%-ды құрады.

Сонымен қатар: автобензин – 460,6 мың тонна (105,7%), пеш отын майы – 42,4 мың тонна (92,8%), дизель отыны – 1013,9 мың тонна (98,7%), отындық мазут – 1046,2 (111,0%).

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2017 жылы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 1792,5 млрд.теңгені, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,8% құрады. Сонымен қатар сыртқы иныестициялар – 722,3 млрд. тенге.

 


Мақаланың шыққан күні: 03.11.2017 08:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 15:42

Қаралым саны: 1286