Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

Өнеркәсіп

2017 жылдың қаңтар-шілде айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3137,4 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң тиісті кезеңмен салыстырғандағы нақты көлем индексi – 118,8%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 2819,2 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 119,1% .

Қаңтар-шілде айларында 24032,4 мың. тонна мұнай, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,6%, 12041,2 млн. текше м. ілеспе мұнай газы (129,2%) өндiрілді.

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 16986,6 мың. тонна мұнай өндірді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3%, ілеспе мұнай газы – 9486,8 млн. текше метр (101,9%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мың 1637,7 мың. тонна мұнай (99,4%), 114,8 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (103,4%) өндірді.

«НКОК» Компаниясында 4311,8мың.тонна мұнай, 2500,4 млн.текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 283,5 млрд. теңге сомасын құрады, НКИ – 111,4%.

«АМӨЗ» ЖШС-де 2911,4 мың тонна көлемінде мұнай өнімі өңдірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115%-ды құрады.

Сонымен қатар: автобензин – 411,1 мың тонна (120,3%), пеш отын майы – 39,4 мың тонна (102,9%), дизель отыны – 895,8 мың тонна (120,5%), отындық мазут – 856,7 (124,7%).


Мақаланың шыққан күні:: 18.08.2017 07:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.08.2017 07:19