2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Жангелдин (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) Атырау облысы Қызылқоға ауданы (аудан және облыс атауы) 2019-2020 жылдарға | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Жангелдин (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) Атырау облысы Қызылқоға ауданы (аудан және облыс атауы) 2019-2020 жылдарға

Жангелдин ауылдық округінің

Жергілікті қоғамдастықты дамыту

бағдарламасын әзірлеу жөніндегі

ЖАДНАМА

1. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) халықты аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуды жоспарлау процесіне тарту және жергілікті қоғамдастықтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында әзірленеді.

2. Үш жылдық бюджетпен сәйкестендіру мақсатында бағдарламаны жыл сайын жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге әзірлеу және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті бекітілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бекіту ұсынылады.

3. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлеу аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады және жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге енгізіледі.

4. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының құрылымына келесі бөлімдерді қосу ұсынылады:

жалпы сипаттама;

ағымдағы жағдайды талдау;

проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары;

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

5. «Жалпы сипаттама» бөлімінде осы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ құрылған кездегі атауы, халық саны, ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы, аумағы, жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзімі, жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны және басқалар) көрсетіледі.

6. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

1) экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін және басқады қоса алғанда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қысқаша талдау.

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бағдарламасын іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін проблемалық мәселелер мен тәуекелдер.

7. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі іс-шаралардың атауын, іс-шаралардың аяқталу нысанын, қаржыландыру көлемін, қаржыландыру көздерін, іске асыру мерзімдерін қамтиды.

8. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуға бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтиды; «ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде көрсетілген проблемаларды шешу және тәуекелдерді жою».

9. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі республикалық, облыстық, аудандық бюджет, ауыл бюджеті, басқа да көздер (демеушілік көмек және т.б.) есебінен іске асырылатын, сондай-ақ қаржылық шығындарды талап етпейтін іс-шараларды (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар, еріктілер және т. б.) қамтиды.

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№1

  « 29» ____01____ 2019 жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жангелдин

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

(аудан және облыс атауы)

 2019-2020 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жангелдин ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2020 жылдарға арналған Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округін дамыту бағдарламасы

Жангелдин ауылдық округінің негізгі сипаттамалары

- Жангелдин ауылдық округтің құрылу кезеңі-1961 жылы құрылған

-халық саны;- күні бүгінге округте 1610 тұрғын бар

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы;- ауылдық округтің құрамына кіретін елді-мекендер жоқ

- аумақ;-145080 га

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім- 04.08.2015 жыл

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны.-12 адам

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1  Жангелдин ауылдық округін дамыту

2019-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1610 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 2 ЖШС, 53 ШҚ, 54 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

         - көшелерді жарықтандыру (көшелердің атауын атап өтуге болады);- С.Тұрышев, І.Көпбаев көшелеріне жарық шам орнату қажет.

         - абаттандыру және көгалдандыру;

         - ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;- округте елді-мекен жоқ болғандықтан бұл бойынша проблемалық мәселе туындаған жоқ.

         - мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);- маусым айында аз қамтылған, көпбалалы 4 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

         - шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру-

         - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;

         - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;- округте тұрғын үйлер толығымен ауыз сумен қамтылған.

         - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

         - ж т.б.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Мектепке жеңіл жөндеу

2019

864 000

Бюджет

2019

1.2

Мектепке күрделі жөндеу

2020

100 000 000

Бюджет

2020

1.3

АӘД пәнінен оқу жаттығу алаңдарын жасау

2020

5 000 000

Бюджет

2020

1.4

Стадионды жөндеу

2021

10 000 000

Бюджет

2021

1.5

Мектепке кәріз жүйесін жүргізу

2020

5 000 000

Бюджет

2020

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2019

17 862 528,19

Республикалық бюджет

2019

2.2

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2019

1 136 250

Республикалық бюджет

2019

2.3

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2019

2 040 000

Республикалық бюджет

2019

2.4

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2020

17 862 528,19

Республикалық бюджет

2020

2.5

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2020

1 136 250

Республикалық бюджет

2020

2.6

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2020

2 040 000

Республикалық бюджет

2020

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Жангелдин дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу

2019

7 000 000

-

2019

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Абаттандыру және көгалдандыру

2019

514 000

Жергілікті бюджет

2019

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Қ.Өтемұратов көшесіндегі саябақтың ішін демалыс орнына айналдыру үшін құрылыс жұмыстарын жүргізу

2019

1 552 000

-

2019

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Жангелдин ауылындағы С.Тұрышев және І.Көпбаев көшелеріне көше шамдарын орнатып бір жерден жағып сөндіру құралына қосу

2019

700 000

Жергілікті бюджет

2019

6.2

Жангелдин ауылының кірме жолына электр желісінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау

2019

1 572 070

Жергілікті бюджет

2019

6.3

Жангелдин ауылындағы Қ.Өтемұратов көшесіндегі саябақты жарықтандыру

2020

2 931 000,0

Жергілікті бюджет

2020

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Округтен жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелек құрылысын салу

2020

7 961 500,0

Жергілікті бюджет

2020


Мақаланың шыққан күні: 01.10.2019 08:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 08:37

Қаралым саны: 446