Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Тасшағыл ауылдық округі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы 2019-2021 жылдарға

Тасшағыл ауылдық округінің

Жергілікті қоғамдастықты дамыту

бағдарламасын әзірлеу жөніндегі

ЖАДНАМА

1. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) халықты аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуды жоспарлау процесіне тарту және жергілікті қоғамдастықтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында әзірленеді.

2. Үш жылдық бюджетпен сәйкестендіру мақсатында бағдарламаны жыл сайын жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге әзірлеу және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті бекітілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бекіту ұсынылады.

3. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлеу аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады және жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге енгізіледі.

4. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының құрылымына келесі бөлімдерді қосу ұсынылады:

жалпы сипаттама;

ағымдағы жағдайды талдау;

проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары;

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

5. «Жалпы сипаттама» бөлімінде осы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ құрылған кездегі атауы, халық саны, ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы, аумағы, жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзімі, жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны және басқалар) көрсетіледі.

6. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

1) экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін және басқады қоса алғанда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қысқаша талдау.

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бағдарламасын іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін проблемалық мәселелер мен тәуекелдер.

7. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі іс-шаралардың атауын, іс-шаралардың аяқталу нысанын, қаржыландыру көлемін, қаржыландыру көздерін, іске асыру мерзімдерін қамтиды.

8. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуға бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтиды; «ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде көрсетілген проблемаларды шешу және тәуекелдерді жою».

9. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі республикалық, облыстық, аудандық бюджет, ауыл бюджеті, басқа да көздер (демеушілік көмек және т.б.) есебінен іске асырылатын, сондай-ақ қаржылық шығындарды талап етпейтін іс-шараларды (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар, еріктілер және т. б.) қамтиды.

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ 3

«25»  шілде 2019 жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тасшағыл ауылдық округі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

     2019-2021 жылдарға арналған Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы;

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

    Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылдық округі 1976  жылы құрылған. Округ Қызылқоға ауданның солтүстік батыс бөлігінде орналасқан.   Округтерімен және  Жамбыл, Көздіқара және Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аумағымен шектесіп жатыр;

 Халқы -01.09.2019 жылға 2029 адам;

-Тасшағыл ауылдық округінің құрамына Қоғам, Қоныстану елді мекендері кіреді;

- Аумағы 79200 га;

- Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 15 наурыз, 2018 жыл. Оларға өкілеттік берілген мерзім 4 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 11 адамнан тұрады;

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1  Тасшағыл ауылдық округін дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қыркүйегіндегі  халық саны 2029 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 1 ӨК, 21 ШҚ, 47 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

         - көшелерді жарықтандыру (көшелердің атауын атап өтуге болады);

         - абаттандыру және көгалдандыру;

         - ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;- округте елді-мекен жоқ болғандықтан бұл бойынша проблемалық мәселе туындаған жоқ.

         - мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);- маусым айында аз қамтылған, көпбалалы 4 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

         - шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру-

         - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;

         - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;- округте тұрғын үйлер толығымен ауыз сумен қамтылған.

         - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

         - ж т.б.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Балабақша ғимаратының жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары

Қабылдау акті

1 348,0

Бюджет

2019 жыл

 

1.2

Тасшағыл орта мектебіне ішкі дәретхана орнату

Қабылдау акті

1 300,0

Бюджет

2019 жыл

 

1.3

Тасшағыл орта мектебіне кәріз жүйесін (канализация) орнату

Қабылдау акті

5 483,31

Бюджет

2020 жыл

 

1.4

Шағын футбол алаңына төсеніш сатып алу, орнату

Қабылдау акті

2000,0

Бюджет

2020 жыл

 

1.5

Мектеп спорт залына күрделі жөндеу жүргізу

Қабылдау акті

13 000,0

Бюджет

2021 жыл

 

1.6

Электр жүйелерін жаңарту

Қабылдау акті

2000,0

Бюджет

2021 жыл

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2019

15 300,0

Республикалық бюджет

2019

 

2.2

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2019

1 136 250

Республикалық бюджет

2019

 

2.3

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2019

6 720 000

Республикалық бюджет

2019

 

2.4

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2020

15 300,0

Республикалық бюджет

2020

 

2.5

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2020

1 136 250

Республикалық бюджет

2020

 

2.6

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2020

6 720 000

Республикалық бюджет

2020

 

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

ФАП салу

Қабылдау акті

105 000,0

Республикалық бюджет

2021

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Кіре беріс жолдың 1000 метр бөлігін жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттарын дайындау

Қабылдау акті

1 212,0

 

Бюджет

2020 жыл

 

4.2

Тасшағыл ауылының орталық көшелерін соңғы үлгідегі 132 дана ЛЭД прожекторларын ауыстыру

Қабылдау акті

5 413,0

Бюджет

2019

 

4.3

«Қуан» қауымын қоршау

Қабылдау акті

1 632,0

Бюджет

2020

 

4.4

«Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппараты» ғимаратын жөндеу жұмыстарын жүргізу

Қабылдау акті

3 154,0

Бюджет

2020

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

300 орындық мәдениет үйін салу

Қабылдау акті

376000,0

Республикалық бюджет

2021

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Округте орналасқан көшелерге жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары

Қабылдау акті

 

Бюджет

2020-2021

 

 

 

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Округтен жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелек құрылысын салу

Қабылдау акті

7 961 500,0

Жергілікті бюджет

2019

 

Мақаланың шыққан күні: 30.09.2019 17:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 17:32

Қаралым саны: 265