Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Тайсойған (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) Атырау облысы Қызылқоға ауданы (аудан және облыс атауы) 2019-2020 жылдарға

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2020 жылдарға арналған Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округін дамыту бағдарламасы

Жангелдин ауылдық округінің негізгі сипаттамалары

- Тайсойған ауылдық округтің құрылу кезеңі-2006 жылы құрылған

-халық саны;- күні бүгінге округте 867 тұрғын бар

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы;- ауылдық округтің құрамына кіретін елді-мекендер жоқ

- аумақ;- 147934 га

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім- 04.08.2015 жыл

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-10 адам

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1  Тайсойған ауылдық округін дамыту

2019-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 867 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 35 ШҚ, 12 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

         - көшелерді жарықтандыру (көшелердің атауын атап өтуге болады);- Ғ.Сланов және Ө.Дәулетқалиев көшелеріне жарық бағаналарын (шамдарын) орнату қажет.

         - абаттандыру және көгалдандыру;

         - ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;

- округте елді-мекен жоқ болғандықтан бұл бойынша проблемалық мәселе туындаған жоқ.

         - мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);- маусым айында аз қамтылған, көпбалалы 4 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

         - шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру-

         - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;

         - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;- округте тұрғын үйлер толығымен ауыз сумен қамтылған.

         - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

         - ж т.б.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I. БІЛІМ БЕРУ

1.1

50 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасақтау

2020

9568,0

Жергілікті бюджет

2020

ІI. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2019

12 750 000

Республикалық бюджет

2019

2.2

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2019

720 000

Республикалық бюджет

2019

2.3

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2019

1 360 000

Республикалық бюджет

2019

2.4

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

2020

15 300 000

Республикалық бюджет

2020

2.5

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2020

1 080 000

Республикалық бюджет

2020

2.6

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу

2020

2 040 000

Республикалық бюджет

2020

IІI. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

3.1

Күл-қоқыс алаңын қоршау жұмыстары

2020

5306,1

Жергілікті бюджет

2020

3.2

Орталық көшелерге бильборд кешендерін орнату жұмыстары

2020

2 055,8

Жергілікті бюджет

2020

3.3

Футбол алаңына газон орнату жұмыстары

2020

4 704,8

Жергілікті бюджет

2020

3.4

Ауыл маңына жақын зиратты қоршау жұмыстары

2020

10 894,0

Жергілікті бюджет

2020

3.5

Орталық саябақтарды абаттандыру жұмыстары

2020

6 467,2

Жергілікті бюджет

2020

3.6

Ғ.Сланов көшесі бойынан бас жоспарға сай жаңа жер теліміне саябақ салу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

2020

1500,0

Жергілікті бюджет

2020

ІV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

4.1

Балаларға арналған ойын кешендері мен құралдар орнату жұмыстары

2020

916,0

Республикалық бюджет

2020

V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

5.1

Ғ.Сланов және Ө.Дәулетқалиев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары (1400 м)+(1520 м)=2920 метр

 

2020

11 560 000

Жергілікті бюджет

2020

5.2

Ө.Дәулетқалиев және Ғ.Сланов көшелерін жарықтандыру жұмыстарына ЖСҚ  жасақтау

2019

1500,0

Жергілікті бюджет

2019

VI. БАСҚАЛАР

6.1

Округтен жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелек құрылысын салу

2019

6662,0

Жергілікті бюджет

2019

 


Мақаланың шыққан күні: 30.09.2019 17:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 17:40

Қаралым саны: 283