Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты

Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты29 қараша - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы міндеттерін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Салтанат Сарайында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің қатысуымен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» тақырыбында V облыстық форум өтті.

Форум мақсаты – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген кәсіптік білім беруді дамыту міндеттерін шешуге мүдделі жақтарды кеңінен тарту, қазіргі заманғы кадрлар даярлау жүйесін құру, оған әлеуметтік әріптестердің қатысу мүмкіндіктерін анықтау және оны жүзеге асыру.

Аталған шараға мүдделі мемлекеттік органдар, отандық және біріккен кәсіпорындар басшылары, шетелдік инвесторлар, орта және шағын бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жұмыс берушілер, кәсіпкерлер; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Форумда компаниялардың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жобаларын кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында оқу орындары базасында білікті кадрларды алдын-ала даярлау мәселелері талқыланды.

Форум барысында салалық қауымдастықтар, ірі компаниялар мен оқу орындарының арасында әлеуметтікті дамыту бойынша келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда қолдау көрсетіп, дуалдық жүйені енгізуге ықпал етудегі қызметтері үшін Әлібек Ибатоллаұлы бірқатар әлеуметтік серіктестерге облыс әкімдігінің «Алғыс хатын» табыстады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бас қосуы медицина колледжі базасында өткен секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары секция отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы сөз қозғалып, «Біз айтайық» ток-шоуы бағыты бойынша ұлттық құндылықтар мәселесі қаралды. Арнайы пән оқытушыларының қатысуымен өткен секция отырысында техникалық және кәсіптік білім беру саласында оқытудың инновациялық технологиялары, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, олардың білімін талаптарға сай бағалау туралы, т.б. мәселелері қызу талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.

Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017 04:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 04:16

Қаралым саны: 1698