Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2017

Қызметтер

Жоба Атырау облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы заңы 33 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Е.Түркістановқа жүктелсін.

3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы Г.Садуахасова
Мәслихат хатшысы С.Лұқпанов

 

Атырау облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (DOCX 113 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 05.01.2017 16:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.01.2017 16:34