Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба

«Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба30 қараша - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба өтті.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тең құқылы өмір сүруі үшін демеуші азаматтар, қоғамдық қорлар мен компанияларды кеңінен тарту мақсатындағы іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев балаларға білімді болып, кәсіптерін таңдап, болашақта еліміздің саналы азамат болуына тілегін жеткізіп, Балалар ауылы тәрбиеленушілеріне демеушілер тарапынан көрсетіліп жатқан барлық қамқорлықтарына ризашылығын білдіріп, шақырылған демеушілерге «Алғыс хатын» тапсырды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен 2015 жылдан бастап облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың әлеуметтік «Қамқоршы» акциясы жүзеге асырылуда. Осы акция аясында осындай санаттағы балаларға қарапайым азаматтар, мекемелер, демеушілер үнемі қамқорлықтарын көрсетіп, қол ұшын беруде.

Сондай-ақ, «АтырауЭнергоТехСервис» ЖШС (мекеме басшысы Айгүл Калиева), «Жайық-Ломбард» желісінің (атқарушы директор Меңсұлу Мухамбетова) ұжымдары Балалар ауылына тұрмыстық мұқтажын өтеуде және киім-кешек түрлерімен көмектессе, «Рауан-Атырау» қоғамдық қоры (атқарушы директоры Ғабиден Фазлиденов) Атырау облысындағы ел азаматтарымен, көшбасшы басшыларымен, бизнесте жоғары жетістіктерге жеткен азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, ірі кәсіпорындарға саяхат жасауға, Атырау Мұнай өңдеу зауытына танысу үшін баруға, тәрбиеленушілерді кәсіпке баулуға, мамандық таңдауға көмек көрсетіп келеді.

«Уорли Парсонс Қазақстан» ЖШС қоғамдық-бұқаралық және мәдени іс-шараларды өткізуде демеушілік көмек көрсету аясында Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің әрбір мәдени шараға баруларына көлік ұсынып, тасымалдауда қол ұшын береді. «Ынтымақ» Қоғамдастықты дамыту бағдарламасы балаларды ағылшын тілін оқыту, компьютерлік сауаттылықты үйрету, қыздарға – сәндік-косметикалық жұмыс жасауды үйретуде көмек көрсетіп, жасөспірімдерге қыстық киім алып беріп, мекемеге тұрмыстық техниканы (мұздатқыш) сыйға тартты.

«ЖАС» қоғамдық қоры (жетекшісі Светлана Айтбаева) ақпараттық білімдерді тереңдетуде жыл сайын компьютермен жұмыс жасаудың қызметкерлерімен де, тәрбиеленушілерімен тереңдетілген бірнеше сатылы курстарды өткізіп, сонымен қатар компьютерлерді жөндеу жолдарын да үйретіп қамқорлық көрсетіп жүр.

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының (жетекшісі Айгерім Жәрдемқызы) еріктілер тобы мәдени шаралар, кездесулер, саяхаттар, т.б. әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда көмегін көрсетеді.

Жетекшісі облыс балалары үшін, соның ішінде ерекше балаларға қамқорлықпен жақсы игі бастама ұйымдастырушы, жақсылық жасаушы мейірімді жан болып табылатын Ерлан Кумискалиев, «Атырау - Маленькая страна» Қоғамдық бірлестігі Балалар ауылы тәрбиеленушілері үшін Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі жанында қыздарға арналған волейбол секциясын ұйымдастырды.

Сондай-ақ, жоба барысында республикаға танымал Алматы облысының меценаты Бауыржан Оспанов туралы бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Тәрбиеленушілер келген қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынды.

Іс-шараның жалғасы - Балалар ауылының тыныс-тіршілігімен таныстыру – мекеме жанындағы қоян өсіру шаруашылығына, «Бақыт» атты тігін шеберханасына саяхат жасау шаралары. Отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылы жанындағы осындай шараларды, сонымен қатар ауладағы бақша өсіру, гүл өсіру жұмыстарымен айналысуға тамшылап суару жобасымен демеуші Тарас Жалимбетов көмектесті.

«Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба «Қамқоршы» атты демеушілердің қатысуымен жоба

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017 04:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 04:43

Қаралым саны: 1884