Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.12.2017

Қызметтер

Жер қатынастары саласы бойынша атқарылған жұмыстар

Құрманғазы ауданының 2086066 га жері бар, оның ішінде: барлық ауыл шаруашылық алқабының жері – 447060 га, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 2, жер көлемі-164994 га, өндірістік кооператив-3, жер көлемі-113035 га, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері-45000 га, елді мекенге берілген жерлер - 270769 га, өнеркәсіп байланыс қорғаныс жерлері-462542 га, орман қорының жері-17595 га, ауданның босалқы жер қоры-843100 га.

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілерді және облыс, аудан әкімінің қаулыларын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Бөлім арқылы жылдық жер балансы есебі жасақталып, облыстық жер қатынастары басқармасымен бекітілді. Жер балансы есебіне сәйкес, 2016 жылы шаруа қожалықтардың саны-688, жер көлемі 158010 га, оның ішінде ағымдағы жылы 33 шаруа қожалығы құрылды, жер көлемі 14144 га. Өз еркімен 5 шаруа қожалығы жерлерін тапсырды, жер көлемі 1947 га.

2016 жылы аудан бойынша «азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қортындылайтын» аудандық комиссия мәжілісінің 22 отырысы өткізілді.

Хаттама қортындысы негізінде 246 өтініш (177 жеке тұлға, 69 заңды тұлға) қаралып, 219 өтініш қанағаттандырылды, 27 өтініш Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес түсіндірілді. Заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (хаттарын) қараудың белгіленген мерзімдері сақталып, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні:: 14.03.2017 17:16
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2017 17:16