Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы әкімінің сайтқа кірушілерге сәлемдесуі

Құрметті Атырау облысы әкімдігінің электронды газетінің оқырмандары мен қонақтары!

Осы сайт арқылы Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын!НОҒАЕВ НҰРЛАН АСҚАРҰЛЫ

Облыс әкімінің дербес БЛОГЫ іске қосылды.

Атырау облысы әкімдігінің веб-сайты ақпараттармен интерактивті алмасуға, өңіріміздің дамуына қатысты өзекті проблемалар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Облыста болып жатқан тың жаңалықтар туралы оқырмандарымыздың сайт беттерінен оқып-танысуына жол ашып отыр. Мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, өңірлік бағдарламаларды іске асыру барысы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар,жүзеге асырылып отырған жобалар, атқарылған істер көрініс табады.

Біздің сайтта сілтеме арқылы көптеген мемлекеттік басқару институттарының электронды адрестері орналастырылған, осы сайт арқылы Сіздер іс жүзінде барлық мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты ашып, біле аласыздар.

Жыл сайын облыс әкімдігі өзінің интернет-ресурсын жетілдіру бойынша шараларын қабылдайды. Егер Атырау облысы әкімдігі веб-сайтының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарыңыз болса, біз ризашылықпен қабылдаймыз.

Осы уақыт бойы бізбен бірге болғандарыңыз үшін Сіздерге рахмет. Біз алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайынбыз.

Барша облыс тұрғындарына денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеп, туған жер – Атырау өңірін гүлдендіріп, көркейтуге шақырамын!


Мақаланың шыққан күні:: 06.01.2016 16:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2016 11:50