Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Жекешелендірудің екінші толқыны

Коммуналдық меншіктің объектілері бойынша

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілген 15 ұйымның барлығы саттыққа шығарылып, оның 14 ұйымы 1 929,6 млн. теңгеге сатылды, оның ішінде бюджетке 286,6 млн. теңге түсті.

1 ұйым («Мұнайшы спорт кешені» КМҚК) саттықта өтпеуіне байланысты жабылуда.

Саттыққа шығарылған 15 ұйымның:

8 ұйымы – спорт саласына жатады (волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, су түрлері, ұлттық спорт түрлері, спорт клубтары);

3 ұйым – тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласы;

2 ұйым – сәулет, жоспарлау және геотехника, картография саласы;

1 ұйым – салауатты өмір салтын қалыптастыру саласы;

1 ұйым – кәсіпкерлікті қолдау бағытында.

«Атырау» ӘКК ұйымдары бойынша

Кешенді жоспарға «Атырау» ӘКК-нің 15 ұйымы енгізілді. Оның ішінде, 8 ұйым 101 818,6 мың теңгеге сатылды, 2 ұйым саттыққа шығарылды.

Қалған 5 ұйым ҚР Үкіметтің 2018 жылғы 9 қарашадағы №733 қаулысымен жаңадан кешенді жоспар тізіміне енгізілді және оларды сату 2020 жылға жоспарлануда.


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2016 11:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2019 09:52

Қаралым саны: 3421