Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.05.2018

Қызметтер

Жекешелендірудің екінші толқыны

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 қаулысымен өзгерістер енгізілген) сондай-ақ, жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар Тізбесі бекітілді.

Тізбеге сәйкес Атырау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі 15 объекті бәсекелестік ортаға берілуге жатады. Оның ішінде, күні бүгінге 9 объекті (PDF 61 Kb) жекешелендіріліп, 4 объекті (PDF 64 Kb) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға берілді.

Сондай-ақ, «Мұнайшы» спорт кешені» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үш рет саттыққа шығарылып өтпеуіне орай, қазіргі уақытта тарату сатысында және «Арнаулы автобаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін екінші рет кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлік палатасының және басқа да мүдделі органдардың өкілдері енгізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 11:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.05.2018 15:08