Array Табиғатты қорғау есептемелері | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.03.2017

Қызметтер

Табиғатты қорғау есептемелері

Атырау облысының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайы осы аймақтағы мұнай-газ комплекстерінің, энергия-коммунальдық шаруашылығының, көлік құралдарынан және халық шаруашылығының көптеген басқа түрлі объектілерінен шығатын зиянды заттардың көлемдері мен олардың ластаушы ингредиенттерімен анықталады.

Атмосфералық ауа жағдайына ерекше әсерін тигізушілер қатарына облыстағы жетекші өндіріс мекемелері: «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ӨФ,  «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Жылуэлектрорталығы» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, «Казтрансойл» АҚ-ның  жабық филиалы т.с.с. мекемелер мен шаруашылықтар құрайды.

Табиғат пайдаланушылардың 2012 жылға табиғат қорғау іс-шараларына жұмсалған жалпы қаражаты 35,6 млрд.теңгені құрайды.

 Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау іс-шаралары жоспары қоршаған ортаға эмиссияны азайтуға (атмосфералық ауа, су көздері және топырақ жамылғысына), радиациалық қауіптілікті төмендетуге, өндірістік қажеттілікке су тұтынудыазайтуға, ақаба суларды тазарту, тазарту қондырғыларын енгізу және т.б. бағытталған. 

ҚР Экологиялық кодексіндегі өзгерістерге байланысты 2012 жылдан бастап, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін І және ІІ санаттағы объектілер үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары қоғамдық тыңдауға шығарылады. 2012 жылы табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша 32, жобалар бойынша 8 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.  

  2012 жылы 657 жобаға сараптама қорытындысы берілді, сонымен бірге қоршаған ортаға эмиссия үшін 647 рұқсат берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 24.06.2016 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 12:06