Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Табиғат

Атмосфералық ауаның ластануы қоршаған ортаға, халық денсаулығына жағымсыз әсер етуші жетекші факторлардың бірі болып қалады.

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындылардың көлемі 2012 жылы 129,8 мың/тонна құрады (оның ішінде тұрақты ластаушы көздерден 118,3 мың/тонна, жылжымалы көздерден 11,5 мың/тонна), бұл 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 13,8 мың/тоннаға артық (тұрақты ластаушы көздерден 107,5 мың/тонна, жылжымалы көздерден 8,9 мың/тонна).

Ластаушы көздердің санының артуы, сонымен бірге мекемелердің жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесіне шығарындылардың ұлғаюы байланысты болып отыр.

Осыған орай, атмосфераға жалпы салыстырмалы ластаушы заттар шығарындыларының үлесі Атырау облысының бір тұрғынына есеппен 236 кг құрады, бұл республика бойынша  тұрғындардың жан басына шаққанда 226 кг құрайтын орташа көрсеткіштен жоғары.

Атырау облысында атмосфералық ауаға ең үлкен жағымсыз әсер ететін мұнайгаз секторы және энергиялық-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарынан шығарылатын ластаушы заттар.

Атмосфераға жыл сайын облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарынан (42 аса ірі) бір жылға 100 мың/тоннадан аса ластаушы заттар шығады, оның 80-85пайызы мұнай-газ секторы мекемелеріне тиесілі келеді.

Сондықтан, бүгінгі күнде атмосфераның ластануы негізінен мұнай-газ өндіруші және оларды өңдеумен айналысатын мекемелердің қызметтеріне байланысты болып отыр.


 


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 12:27