Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің ант қабылдауы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің ант қабылдауыАғымдағы жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшінің сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы байынша департаментінің жетекші маманы Дана Құндызбай ҚР Мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.

Дана Құндызбай 2017 жылы Әль-Фараби атындағы Мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетін, оның ішінде стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығын аяқтады. Университетті аяқтағаннан соң 6 ай бойы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму мнистрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы байынша департаментінде жастар практикасы бойынша қызмет атқарды.

2018 жылғы 11 қаңтарда департаменттің уақытша жетекші маманы лауазымына жұмысқа қабылданды.

Дана Құндызбай жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, жұмысына жауапты және ұқыпты қарап, қызметкерлер арасында құрметке ие.

Департамент қызметкерлері Дана Құндызбайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдауымен құттықтап және кәсіби өсуіне тілек білдірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің ант қабылдауы


Мақаланың шыққан күні: 12.06.2018 03:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:00

Қаралым саны: 1349