Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Мемлекеттік қызметшінің шектеулерді қабылдауы

Мемлекеттік қызметшінің шектеулерді қабылдауы15.01.2018ж. ТРжМК-нің Атырау облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушы және жетекші маманның уақытша міндетін атқарушы Дана Құндызбай салтанатты жағдайда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдады.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдаудан басталды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

- 18 бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданатын шектеулер

Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.

Бұл шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.

- 13 бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттiк қызметшi:

1) өкiлдi органның депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

Шара соңында департамент мамандары Дана Құндызбайға жаңа бастамаларына сәттілік және мемлекеттік қызметте кәсіптік өсуді тіледі.

 


Мақаланың шыққан күні: 25.01.2018 01:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 13:49

Қаралым саны: 1150