Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Тауарларды сатып алу кезінде ұлттық стандарттардың қолданылуы

Тауарларды сатып алу кезінде ұлттық стандарттардың қолданылуы2019 жылдың 08 тамызында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың қатысуымен «қарапайым заттар экономикасы» салаларының тауарларын сатып алу кезінде ұлттық стандарттарды қолдану бөлігінде қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекеттік сатып алу порталының техникалық ерекшеліктерін талдау кәсіпкерлік субъектілері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, атап айтқанда сілтемелерді стандарттарға келтіру бөлігінде толық көлемде орындамайтындығын көрсетті.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Салтанат Камешева ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын сатып алу, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік рәміздерін сатып алу бойынша талаптарын түсіндірді. Қазақстан аумағында ҚР Мемлекеттік рәміздерін дайындауға лицензиясы бар 64 кәсіпорын бар.

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалының директоры Эльмира Досқалиева тауарларды сатып алу кезінде ұлттық стандарттардың қолдануын түсіндірді.

Іс-шара барысында мемлекеттік сатып алуды білім бөлімдері арқылы орталықтандырып өткізу туралы және т. б. ұсыныстар жасалды.

Іс-шара соңында мемлекеттік органдардың ұсыныстарын кеңес хаттамасына енгізу туралы шешім қабылданды.


Мақаланың шыққан күні: 12.08.2019 15:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.08.2019 15:22

Қаралым саны: 420