Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

«Туған өлке тарихы» кіші жоба

«Туған өлке тарихы» кіші жоба2 қыркүйек - «Туған өлке тарихы» кіші жоба тұсауын кесу рәсімі өткізілді. Жоба жаңа оқу жылынан бастап облысымыздың барлық өңірлерінде тұрақты жүзеге асқалы отыр. Жобаның мақсаты мұражай сабақтары арқылы жастардың бойында туған өлке тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, отаншылдыққа, патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Бағдарлама аясында 2,6 қыркүйек күндері Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Туған өлке тарихы» жобасы аясында мұражай сабақтары өткізілді. Жобаға Атырау қаласының М.Жұмабаев атындағы №1, Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептер, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназияның оқушылары қатысып, сабақтың жаңаша түрінен үлкен әсер алды.

Оқушылар «Тылсым дәуір» залында - Аралтөбе қорғанынан табылған алтын киімді Сармат көсемінің ежелгі тарихымен, «Этнография» залында ұлттық нақышымыздың көрнектісі киіз үйдің құрылысы мен қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен танысты. Сондай-ақ, «Археология» залында - Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен, «Өлке тарихы», «Өлке мәдениеті мен әдебиеті», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» залдарынан нағыз патриоттықтың үлгісін көрсететін азулы ақын Махамбет батырдың, күй атасы Құрманғазының, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлікке толы өмір жолдарын қызыға тамашалады. Экскурсия қорытындысы «Тәуелсіз Қазақстан» залында өтті. «Сен болашақта патриот болу үшін еліңе қандай қызмет көрсетер едің?» деген сауалына жауап ретінде «Мен – өз елімінің патриотымын» атты тәрбие сағаты арналды.

Жобаға қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап ала алды. Оқушыларды өңірден табылған көне жәдігерлер тарихы ерекше қызықтырды.

 

«Туған өлке тарихы» кіші жоба «Туған өлке тарихы» кіші жоба «Туған өлке тарихы» кіші жоба «Туған өлке тарихы» кіші жоба

Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 06:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 06:48