Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

ПРЕСС-РЕЛИЗ 2017 жылғы 12 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы бойынша брифинг өтті

ПРЕСС-РЕЛИЗ 2017 жылғы 12 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерінің тіркеу қорытындысы бойынша брифинг өтті

2017 жылғы 12 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ибрашев Асау Ниязұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысын айқындады.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Сенат депутаттарының сайлауы 2017 жылдың 28 маусымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау заңы бойынша кандидаттарды ұсыну жұмыстары а.ж. 29 сәуір айынан басталып 28 мамырда аяқталды.

Атырау облысы бойынша 5 кандидат ұсынылды:

- Балжігітов Сейтжан Қапанұлы («Достан-Ата» шаруа қожалығының басшысы);

- Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы («Қарабура» шаруа қожалығының басшысы);

- Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы (Облыс әкімінің бірінші орынбасары);

- Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы (Атырау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы);

- Шомыров Сайын Сиғуатұлы (Облыстық аурухананың бас дәрігері).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сәйкес тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттының кандидаттығына аталған азаматтар тіркелді. Тіркелу жөнінде ақпарат а.ж. 5 мамырында облыстық газеттерге жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 31 бабы, 2 тармағына сәйкес әрбір кандидаттың қалада және ауданда бір-бірден сенімді өкілі болатыны көзделген, сол себепті әрбір кандидатқа 8 сенімді өкілден тіркелді, олар сайлау өткізу және үгіт жүргізу жұмыстарына қолдау көрсетеді.

Әрбір кандидат өзін-өзі ұсынды. Сондай ақ, кандидат Дүйсембаев Ғұмар Исламұлы Индер аудандық және Облыстық маслихаттардың шешімдерімен ұсынылды.

Барлық кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне тіркелу куәліктері тапсырылды.

2017 жылдың 29-30 мамыр күндері Облыстық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 74 бабы, 1 тармағына сәйкес Сенат депутаттығына кандидидаттар Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлының және Шомыров Сайын Сиғуатұлының өз өтініштері бойынша өздерінің кандидатураларын тіркеуден алып тастау жөнінде өтініштері түсті.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы а.ж. 29-30 мамырдағы шешімдерімен Сенат депутатығына кандидаттар Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы және Шомыров Сайын Сиғуатұлы тіркеуден алып тастады. Бұл жөнінде ақпарат облыстық «Атырау» және «Прикаспиская коммуна» газеттерінде 2 маусымда жарияланды.

2017 жылдың 28 маусым күні Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидат қатысады. Олар:

- Балжігітов Сейтжан Қапанұлы - (1976 жылы дүние келген. Білімі - жоғары, 2007 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Жылыой аудандық VI шақырылған Маслихатының депутаты, «Достан-Ата» шаруа қожалығының басшысы);

- Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы - (1960 жылы дүниеге келген. Білімі –жоғары. 1987 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын және 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін техник-механик, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Атырау қаласының VI шақырылған Маслихатының депутаты, «Қарабура» шаруа қожалығының басшысы және «LTD Мұнай Автоматика Сервис» ЖШС директор кеңесшісі);

- Дүсембаев Ғұмар Ислямұлы (1956 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1978 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының заңгер, инженер-механик мамандықтарын бітірді. Атырау облыстық «Волейбол» және «Бессайыс» федерацияларының президенті).

Кандидаттардың өмірбаяндары мен сайлауалды бағдарламалары жөнінде а.ж. 9 маусым күні жарияланған облыстық газеттерден толығырақ ақпарат алуға болады.

Үгіт жүргізу жұмыстары 2017 жылғы 8 маусымда басталды, 27 маусым күні сағат 00-де аяқталады.

2 маусымнан бастап облыстық газеттерде кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесі жарияланды.

Осы сайлаудың басты ерекшелігі, яғни өткен 2014 жылғы сайлаудан айырмашылығы таңдаушыларды тіркеу электронды жүйеде өткізілуі жөнінде айтылды.

Әрбір таңдаушы өзінің құжаттарын тіркеуші операторға көрсетіп тіркеледі. Тіркелген таңдаушылардың мониторингі онлайын режимінде Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында, сондай-ақ аймақтарда дауыстарды санау процесі аяқталғанға дейін дауыс берудің алдын-ала қорытындылары туралы көрсетіліп тұрады.

Брифинг соңында Ибрашев Асау Ниязұлы сайлау кампаниясы қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарымен қамтамасыз етілгендігін және сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес орындалып жатқандығы жөнінде айтып өтті.


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2017 06:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.06.2017 11:11