Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету

1. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Осы Қағидаларда көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің байланыс телефоны: 8 /71239/ 7-91-39

Өтініш (DOCX 9 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 10.02.2017 18:56
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.02.2017 18:56