Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

"Құқықтық сауаттылық - заман талабы"

Жаңадан шыққан немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілерін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылдың әр тоқсанында "Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" бойынша Индер аудандық бөлімі қызметкерлері мен бірлесіп тұрғындар мен жиналыс өткізіліп тұрды. Жиналысқа қатынасқан тұрғындарға Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" қаулысы мен "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша тұрғын үйге қатысты туындаған мәселелерге Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, қойған сұрақтарына жауап берілді. Жоғарыда аталған стандарт бойынша бөлімге келген әр қызмет алушы мемлекеттік қызметтің артықшылықтарын кеңінен түсініп, үнемі мәлімет алып отырады


Мақаланың шыққан күні: 31.01.2019 17:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2019 17:32

Қаралым саны: 972