Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Құқық - өмір айнасы»

«Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі жаңадан шыққан немесе өзгерістер енгізілген нормативтік құқықтық актілерін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылдың наурыз айында аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті қолдау бағытында қабылданып жатырған шаралар туралы түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында Индербор кентінде және 6 ауылдық округте жиналыс ұйымдастырылды. Ал 16 наурызда «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді. Өткен жылдың 27 желтоқсан күні Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау облысы бойынша әлеуметтік осал топтағы және маргинал жастармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметтер» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шараларда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V «Кәсіпкерлік кодексі» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 ««Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулыларына сүйене отырып заң шеңберінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.


Мақаланың шыққан күні: 01.02.2019 17:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.02.2019 17:17

Қаралым саны: 1048