Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

2020 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктте белгіленген тәртіп ережелері

Дауыс беруге арналған пункттегі адамдар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктте белгіленген ережелерді қатаң сақтауға міндетті.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы тәртіпке жауапты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кез келген адамның пункттен кетуін талап етуге хақылы, сондай-ақ дауыс беруге арналған пункттегі тандаушылардың санын реттейді.

Дауыс беруге арналған пунктте сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады және өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде сайлау комиссиясының қызметіне араласуға жол берілмейді.

Дауыс беру күні дауыс беруге арналған пункт ашылған кезден бастап және дауыстарды санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін дауыс беруге арналған пунктте бір мезгілде әрбір кандидаттан бір-бір сенім білдірген адамнан, қызметтік куәлігі мен редакция тапсырмасы болған кезде әрбір БАҚ-тан бір-бір өкілден, Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан, сондай-ақ тиісті шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері (бұдан әрі-байқаушылар) қатысуға құқылы. Халықаралық байқаушыға не шетелдік БАҚ өкіліне өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып, аудармашы ілесіп жүруге құқылы. Құжаттарын байқаушылар сайлау комиссиясының төрағасына тіркеу үшін ұсынады.

Парламент Сенатының депутаттарын сайлауда есептен шығару куәліктері бойынша, сондай-ақ дауыс беруге арналған пункттен тыс дауыс беру көзделмеген.

Әрбір таңдаушы өзі дауыс береді. Басқа адамдар үшін сайлау бюллетеньдерін алуға тыйым салынған. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді. Ешкім де таңдаушыны мәжбүрлеуге немесе оған қысым көрсетуге тиіс емес. Дауыс беріп болғаннан кейін таңдаушы үй-жайдан кетеді.

Дауыс беруге арналған кабинада тек таңдаушы ғана болуы тиіс. Егер таңдаушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса, ол өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға хақылы, оның тегі дауыс бергеннен кейін таңдаушылардың тізіміне енгізіліп, тұсына таңдаушының бюллетень алғандығы жөнінде қолы қойылады. Сайлау комиссиясының мүшесі, мәслихаттың немесе әкімдіктің лауазымды адамы, кандидаттың сенім білдірген адамы, БАҚ өкілі-журналист, сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы ондай адам бола алмайды.

Дауыс беруге арналған пунктте тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс

беруге арналған пунктте сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен ғана болуға тиіс және тәртіп қалпына келтірілгеннен кейін не комиссия төрағасының өтініші бойынша пункттен дереу шығуға міндетті.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзған жағдайда, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі оның жұмысына қатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. Осы шешімнің орындалуын ішкі істер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетілген мүшесін, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сұрау салуға тыйым салынады.

Дауыс беруге арналған пункттегі адамдар сайлау процесінің бұзылғаны туралы ескертулерімен сайлау комиссиясының төрағасына немесе хатшысына жүгінуге құқылы.

Ескерту: COVID-19 короновирус инфекциясы пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық қатысушылар дауыс беруге арналған пунктке кіре берістегі дезинфекциялық кілемшеден өтіп, санитайзерлермен қолдарын санитарлық тазалауы, әлеуметтік қашықтықтарды ұстауы, сондай-ақ бірреттік пайдаланудағы қорғаныс бетперделерін тағуы тиіс. Барлық қатысушылардың дене температуралары өлшенеді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және таңдаушылар жеке қорғаныш құралдарымен: оның ішінде бетперделермен, қолғаптармен, бірреттік пайдаланудағы қаламсаптармен қамтамасыз етіледі.

Дауыс беруге арналған пунктегі барлық қатысушылар ҚР ОСК-ның ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу жөніндегі ұсынымдарымен танысуы тиіс.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2020 19:00

Қаралым саны: 485