Array Қайта даярлау және біліктілікті арттыру | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны 1-ші сыныптан бастап енгізілді. Осыған байланысты орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Бастауыш сыныптары», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі» және «Орыс тілі» бағдарламалары бойынша барлығы 1909 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Олардың 496-сы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы «Педагогикалық шеберлік орталығында», 1413-і - «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» біліктіліктерін көтерді.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» - Педагогикалық шеберлік Орталығында әзірлеген жаңа форматты деңгейлік курс бағдарламасы бойынша – 2061 мұғалім, 89 мектеп басшысы білімдерін жетілдіріп, мектептегі оқу үдерісінде тың жаңалықтар енгізуде.

Оқушыларды робототехника саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпарат және бастапқы инженерлік біліммен алмасуға тарту мақсатында 70 педагог «Робототехника» курсынан өтті. 53 педагог «Жаңашыл мұғалім - жеке тұлғаны қалыптастырудың сәулетшісі» тақырыбындағы ағылшын тілін меңгеру курсында біліктіліктерін арттырды.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында: есепті мерзім ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың 642 қызметкері курстан өтті, олардың 387-сі - тәрбиешілер, 73-і - өзге педагог мамандар, 62-сі - меңгерушілер, 59-ы – әдіскерлер.

Арнайы білім беру ұйымдарының 83 педагог қызметкерлері білім жетілдіру курсынан өтті.

Кәсіптік және техникалық білім беру саласында: 570 инженер-педагог қызметкерлері - біліктілік арттыру курстарынан, 78 өндірістік оқыту шебері кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.


Асындағы енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес мұғалімдер «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Орал, Астана, Алматы, Атырау қалаларындағы «Педагогикалық шеберлік орталықтарында» 3 айлық курстардан өтіп, сертификаттарға иеленуде. Бұл курстарды өтудің нәтижесінде мұғалімдерге сертификаттарда көрсетілген деңгейге сәйкес үстеме ақы төленеді. Бүгінгі күні 248 мұғалім сертификат иеленді. 195 мұғалім курсты тәмамдап, тапсырған емтиханның қорытындысын күтуде. Желтоқсан айында 30 мұғалім курстан өтуде.

Инновациялық жұмыстардың бір түрі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң тәжірибесін тарату мақсатында Атырау қаласының №16, №31 орта мектептері базалық мектеп болып белгіленіп, жұмысын бастады.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 10:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.03.2017 10:34