Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.12.2017

Қызметтер

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ

Миялы ауылы № 1 18 қаңтар 2016 жыл

2016 жылдың 24 ақпанына Қызылқоға ауданы

Сағыз және Мұқыр ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығының 45 тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Сағыз және Мұқыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2016 жылдың 24 ақпанына тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттарды ұсыну - 2016 жылдың қаңтар айының 25 - нен қаңтар айының 30- не дейін;
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу - 2016 жылдың қаңтар айының 25 – нен ақпан айының 10 - не дейінгі мерзімге белгіленсін.
3.2016 жылғы 24 ақпанға тағайындалған Қызылқоға ауданы Сағыз және Мұқыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес орындалсын.
5.Осы қаулы Қызылқоға ауданының әкіміне, аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
6.Қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы                      Ж.Ибрашев

 


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 15:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 15:39