Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жылғы 16 ақпан

16.02.2008 ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ —

МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Құрметтi қазақстандықтар!

Менiң жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегiдей жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлауға, ең бастысы — баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудiң дұрыс жолын бiрлесе айқындауымызға бағытталып келедi.

Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы мiндеттер туралы ғана емес, бiздiң дамуымыздың келешегi жайында да айтқан едiм. Осыған орай, әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтiк көшбасшыларын қалыптастыру негiзiнде елдi индустрияландыру мiндеттерi бiздiң басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Үстiмiздегi жылы Үкiмет олардың орындалуы жөнiнде есеп беруi тиiс.

Өткен жыл Қазақстан үшiн жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңару жолында тағы бiр сенiмдi iлгерi қадам жасаған жыл болды.

Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетiстiктерiмен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.

Ел Конституциясына енгiзiлген өзгерiстер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлiн арттыра түстi. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестiрiлген негiзде парламент сайлауы өткiзiлдi. Сайлауда "Нұр Отан" партиясы айқын басымдықпен жеңiске жетiп, алғаш рет Үкiмет жасақтады.

Әкiмшiлiк реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттiк органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.

Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсiп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.

Бүгiнгi күнге дейiн елiмiздiң айтарлықтай резервi қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жеттi. Осындай елеулi жинақтаулардың болуы елiмiздiң қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзектi рөл атқарды.

Елiмiздегi әлеуметтiк ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мем­ле­кеттiк бюджеттiң бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Бiздiң 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттiк әлеуметтiк қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткiш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екi есеге артық.

Бiз зейнеткерлерiмiздi қолдау көлемiн ұдайы арттырып келемiз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемi 1,1 триллион теңгеден асып түстi.

Әлеуметтiк инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.

Бiз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткiздiк.

Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл iшiнде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл бiздiң жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.

Жоғарыда аталынған қоғамдық өмiр­дiң барлық салаларындағы iлгерiлеу серпiнi — бiздiң экономикамыздың өркендеуiнiң, сындарлы әлеуметтiк саясатымыздың және тұрақты саяси жүйемiздiң тиiмдiлiгiнiң айқын айғағы.

Құрметтi депутаттар,

мәжiлiске қатысушылар, меймандар!

Бүгiнгi әлемдiк конъюнктура нашарлаған жағдайда бiз рөлi өсе түсiп отырған мемлекеттiк холдингтердiң, даму институттарының, әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың iшкi инвестициялық ресурстарын белсендi етуге тиiспiз.

Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менiң тапсырмам бойынша Үкiмет экономиканы орнықты өсiру бойынша шаралар қабылдады.

Қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттердi мына басым бағыттарда шешу үшiн жұмылу қажет.

Бiрiншi — өндiрушi сектор.

Мұнай-газ саласындағы басты бағыт — мемлекеттiң халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауа­пты қатысушы ретiндегi ұстанымын күшейту.

Бұл үшiн бiз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттiң ықпалын дәйектiлiкпен күшейтемiз. Бiз қазiрдiң өзiнде Қашаған, Құм­көл мұнай кен орындарын, Богатырь көмiр разрезiн, т.б. игеруде қазақстандық үлестi ұлғайттық.

Бұл бiз үшiн және қосымша құн салығы үлесi жоғары дайын өнiмдi халықаралық рынокқа шығаруды қамтамасыз ету үшiн аса маңызды.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

"Самұрық" холдингi мен өңiрлiк әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиiмдi дамыту мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру жөнiнде нақты шаралар қабылдауытиiс. Бұл үшiн қазiргi тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн бiр жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кiрiсу, сондай-ақ сирек кездесетiн металдарды қоса алғанда, қара және түстi металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.

Үкiметпен бiрлесiп, жаңа кен орындарын барлау мәселесiн шешу қажет.

Екiншi– экономиканың негiзгi секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.

Үкiметке электр энергетикасын, тасы­малдау жүйесiн дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгiнде Қазақстан экономикасы дамуына анық "iлесе алмауда".

Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бiрiншi кезектегi мiндеттер Балқаш ЖЭС-iн, Екiбастұз ГРЭС-2-нiң үшiншi энергоблогын, Мойнақ ГЭС-i және басқаларын салу құрылысы болып табылады.

2009 жылы "Қазақстанның Солтүстiгi—Оңтүстiгi" жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екiншi желiсi мен "Солтүстiк Қазақстан—Ақтөбе облысы" қуат тасымалдау желiсiнiң құрылысын аяқтау қажет. Бұл Қазақстанның оңтүстiгi мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Республиканың оңтүстiк өңiрлерiнiң газға сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшiн "Бейнеу—Шымкент" магистральдi газ құбыры мәселесi мүмкiндiктерiн талдап, құрылысты бастау керек.

Ақтау қаласында атом электр стансасын салу бойынша нақты ұсыныстар енгiзу қажет.

Үкiмет осымен бiр мезгiлде өзiнiң күш-жiгерiн қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгiзуге жұмылдыруы тиiс.

Электр энергиясын барлық жерде бiрдей үнемдеуге бiздiң кәсiпорындарымыз бен азаматтарымыз әлi кiрiсе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиiспiз. Аз төлегiмiз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркiмнiң өз қамы болуы қажет.

Үкiмет осы жұмысты кеңiнен қолға алуы тиiс.

Темiр жол және автомобиль инфра­құрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.

Бiз биылғы жылдың өзiнде концессиялық негiзде Шар — Өскемен темiр жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау — Баутино, Ералиев — Құрық темiр жол же­лiлерi мен Қорғас — Жетiген учаскесiнiң құрылысын, Мақат — Қандыағаш темiр жол учаскесiн электрлендiрудi бастауымыз керек.

Жылжымалы құраманың тапшылығын төмендету үшiн үстiмiздегi жылы отандық көлiктiк мәшине жасауды дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, iске асыруға кiрiсуiмiз керек.

Бiз барлық оңтүстiк облыстарды көктей өтiп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңiрлердiң экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең iрi көлiктiк жобаны — "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" трансқұрлықтық дәлiздi iс жүзiне асыруды қолға алуымыз қажет.

Бюджетке түсетiн салмақты азайту мақ­сатында, тұтастай алғанда, концессиялық негiзде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана — Бурабай, Астана — Қарағанды, Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.

Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшiн Үкiмет қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк базаны жетiлдiруi тиiс.

Үшiншi. "30 корпоративтi көшбасшы" бағдарламасын iске асыру экономиканың шикiзаттық емес секторын iс жүзiнде дамытуға ықпал етедi.

Қазiрдiң өзiнде "серпiндi" аталудан үмiткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшiншi Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндiрiсi зауытының құрылыстарын одан әрi жалғастыру, Қарағанды облысында сортты прокат өндiрiсi мен металлургиялық кремний өндiрiсiн ұйымдастыру секiлдi экономикамыз үшiн айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар iске асырылып жатыр.

Таяудағы уақытта Атырау қаласында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенiнiң, келесi жылы Қарашығанақ кен орнының базасында газ өңдеу зауытының, Қостанай облысында жаңа алюминий зауытының құрылысы басталады.

Бiз Астана қаласында шина жасау кешенiн құру, Астана мен Алматы қалаларында логистикалық орталықтарды дамыту, поликристалл кремнийi өндiрiсiн құру жөнiндегi жобаларды iске асыруды жалғастырамыз.

Мен аса iрi нысандарды атап өттiм. Ал осы жылдар iшiнде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсiпорындар пайда болды. Шыны шығару өндiрiсi Қазақстанда ешқашан болған емес — бұл өте тапшы, қажет материал. Қазақстанда алюминий өндiрiсi де болған емес.

Қазiргi кезде автомобиль құрастыратын, оның iшiнде жеңiл автокөлiктер де құрастыратын бес кәсiпорын жұмыс iстейдi. Бүгiнде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпiндi дамуда.

Тұтастай алғанда, "30 корпоративтi көшбасшы" бағдарламасы мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиiс.

Бейiндiк министрлiктердiң, "Қазына" қоры мен өзге де холдингтердiң, сондай-ақ барлық деңгейдегi әкiмдiктердiң жұмысы, бiрiншi кезекте, "серпiндi" жобаларды жүзеге асыру көрсеткiшi бойынша бағаланатын болады.

* * *

Дамудың жаңа кезеңi ел агроөнеркәсiп кешенiнiң алдына бiрқатар жаңа, аса маңызды мiндеттер қойып отыр.

Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жеттi. Ауыл шаруашылығының жал­пы өнiмi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өстi. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттiң орасан қолдауы нәтижесiнде мүмкiн болды. Сiздер бiз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағ­дарламасын жақсы бiлесiздер. Бағдарлама ел iшiн дамытуға қуатты серпiн бердi.

Соңғы жылдары қазiргi заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәндi-дақылдарды жинау күрт артты.

2004 жылдан бастап егiндi мiндеттi сақтандыруды енгiзу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзiнде кепiлдi кiрiс алуына мүмкiндiк туғызды.

Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсiмiне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерiнен асып түстi.

Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмiр сапасын жақсарту мемлекеттiк саясаттың басым бағыты болып қала бередi.

Қалыптасқан әлемдiк үрдiстер мен қолда бар әлеуеттi ескерер болсақ, агроөнер­кәсiп кешенi бiздiң экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиiс.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiне баға өсу үстiнде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан бiз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпiндi еңбегiмен және жоғары қайтарыммен жауап беретiнiне сенiмдiмiн.

Бiрiншi. Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.Ол үшiн ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсiбiне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түлiктiң негiзгi түрлерi бойынша өз қажеттiлiгiн қамтамасыз етедi әрi экспорттық әлеуетке ие.

Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнiмдерiн өндiрудi ынталандыруға ерекше назар аудару талап етiледi. Мәселен, өсiмдiк майы, жемiстер, қант және басқалар. Бiздiң бұл проблемаларды шешуге мүмкiндiгiмiз бар.

Екiншi. Ауыл шаруашылығының өнiмдердi экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш-жiгердi шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий және Қара теңiздердiң порттары арқылы өтетiн және Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет.

Үшiншi. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретiнде ветеринария жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру қажет.

Үкiметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелi қолдау көрсетуде одан әрi шаралар қабылдауды тапсырамын.

Шикiзат өңдеуге айрықша назар аудару қажет.

Ендi макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы.

Үкiмет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттiгi мемлекеттiң қаржылық тұрақсыздық қатерлерiне қарсы жүйелi де жедел iс-қимылдар жасауының ықпалды тетiгiн қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенiмiн нығайтуы керек.

Бiрiншi. Қаржылық бақылау агенттiгi­нiң жұмысын жүйелi түрде нығайту қажет.

Елдiң қаржы жүйесiнiң, әсiресе, банк секторының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және тұрақтылығын арттыру Агенттiктiң Ұлттық банкпен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып атқаратын басты мiндетi болуға тиiс. Өмiр бiздiң жоспарларымызға түзетулер енгiзiп тұратын болады. Бiз оған дайын тұруға тиiспiз.

АҚШ-тың бiздiң банктерге елеулi әсер еткен ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегi ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек.

Мемлекеттiк қолдау бiржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдiң өздерiне тиесiлi бөлiгiн өз мойындарына алуға тиiс. Егер банктердiң акционерлерi өздерiн дамыту үшiн қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабiлетсiз болса, ондай кезде мемлекет қажеттi шаралар қабылдауға дайын болуы керек.

Мұндай жағдайда реттеушiлiк араласу бүкiл банк секторы үшiн барынша мөлдiр және ұғынықты болуға тиiс.

Шетелдiк капиталдың банк секторына келуiне бiз Қазақстанға көрсетiлген сенiм, қажеттi қаржылық қолдаудың көзi және банк қызметiнiң халықаралық озық тәжiрибесi ретiнде қараймыз.

Бiздiң қаржы жүйемiздi құрылымдық реформалауды одан әрi жалғастыру қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазiргi заманғы қаржылық құралдарды дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетiлдiруге, сот жүйесiн тереңдете реформалауға қатысы бар.

Бiзге жеке сектордағы да, сонымен бiрге, мемлекеттiк сектордағы да жүйелiк тәуекелдердi басқаруды дамыта түсу қажет. Үкiмет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдердi басқарудың икемдi де сенiмдi жүйесiн құруы керек.

Сондай-ақ, күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң iс-қимылдар жасау шараларының жүйесiн әзiрлеу мiндетi де тұр.

Халық пен бизнестiң, оның iшiнде шетелдiктердiң де сенiм деңгейi елдiң қаржы жүйесi тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийiне айналуға тиiс.

Екiншi. Салық жүйесiн Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының мiндеттерiмен сәйкестендiру қажет.

Қолданыстағы Салық кодексi экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазiргi кезде оның әлеуе­тi iс жүзiнде таусылды. Кодексте үне­мi және жүйесiз өсiп отыратын 170-тен астам жеңiлдiктер мен преференциялар бар.

Үкiметтiң жаңа Салық кодексiн әзiрлеуi қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестiң "көлеңкеден" шығуына жағдай жасауға тиiс.

Жаңа Кодекс салық қызметтерiнiң оның нормаларын өз қалауларынша түсiндiрулерiнен қорғайтындай, әкiмшi­лендiру сапасы мен салық төлеушiлер мүдделерi үйлесетiндей тiкелей iс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

Бiрақ, ең бастысы, ол экономиканың шикiзаттық емес секторы, әсiресе, шағын және орта бизнес үшiн жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетiлуiн қарастыруы керек. Бюджеттiң күтiлетiн шығын­дары­ның орны өндiрушi сектордың эко­но­ми­калық қайтарымын арттыру есебiнен өтелуi тиiс.

Үшiншi. Экономикамыздың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудегi айрықша миссияны менiң тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк атқаратын болады.

Агенттiктiң өкiлеттiктерiн кеңейту бағаға қатысты "ауызжаласуға", адал емес бәсекелестiкке, рынок субъектiлерiнiң өздерiнiң үстемдiктi және монополиялық жағдайларын бұра пайдаланушылығына қарсы күрестi қамтамасыз етiп, қазақстандық бизнестiң әлемдегi ұстанымын нығайтуға тиiс.

Елдегi кәсiпкерлiк белсендiлiктiң өсуiне елеулi серпiн беретiндей бәсекелестiк туралы жаңа заң қажет.

Төртiншi.Инфляцияға қарсы күрестi күшейту қажет. Инфляцияның жаһандық экономикалық үдерiстер тарапынан болатын қысымның күшейе түсуiнен де ұлғайып отырғанын ескерiп, Үкiмет тарапынан ойластырылған және сол әрекеттерге сәйкес iс-шаралар қабылдануы қажет.

Ұлттық банк инфляцияға қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзедi деп сенемiн.

Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет ахуалды белсендi түрде басқара бiлуге тиiс. Ол үшiн қажеттi ресурстардың бәрi де бар.

Сондықтан әлемдiк экономиканың болжамды баяулауы және бiрқатар экспорттық тауарлар бағасының төмендеуi мүмкiн болған жағдайда Үкiмет пен Ұлттық банкте тұрақтандырушылық iс-қимылдардың жедел жоспары болуға тиiс.

Бiрiншi кезекте, Үкiмет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейiн, әлеуметтiк саладан өзге, бар­лық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттiк шығындарды қысқартуы керек.

Жоғарыда аталған жоспарлардың бәрi осы талапқа бағынуға тиiс.

Күте тұра алады дегендердiң бәрi тоқ­татылуы қажет. Бұл барлық өңiрлерге де қатысты. Мұндай үнем инфляцияға түсетiн қысымның төмендеуiне жағдай жасап, сонымен бiрге, энергия көздерi мен шикiзат ресурстарының бағасы төмендеген жағдайда елдiң резервтерiн ұлғайтады.

Құрметтi мәжiлiске қатысушылар!

Демократиялық дамудың жалпыға бiрдей танылған заңдылықтары мен бiздiң қоғамымыздың дәстүрлерiн үйлестiре отырып, бiз одан әрi де саяси және мемлекеттiк құрылыстың қазақстандық моделiн жетiлдiру жолымен жүре беретiн боламыз.

Бiрiншi. Тәуелсiздiктiң 16 жылы iшiнде бiз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуде, қазақстандық бiртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмдi қалыптастыруда өз моделi­мiздi жүзеге асырдық.

Бұл — бiз мақтануға құқылы және бәрiмiз ұқыптылықпен сақтауға мiндеттi қазақстандық "ноу-хау".

Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесi мен өкiлеттiгi өстi.

Бiздiң көп ұлтты елiмiздiң барлық халқының мүдделерiн бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бiтiм мен келiсiмдi нығайту үдерiсiнде айрықша рөл атқаруға тиiс.

Қазiргi уақытта қазақстандық осынау ғажайып институттың рөлiн жан-жақты нығайту қажет. Ассамблеядан сайланған депутаттар осы жауапкершiлiктi сезiнiп, Ассамблеямен және оның жергiлiктi жерлердегi ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуы керек.

Мемлекеттi, оның қауiпсiздiгiн одан әрi нығайтып, экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға ұзақ мерзiмдi тұрақтылық, бейбiтшiлiк пен келiсiм керек дегендi мен әрқашанда айтып келдiм және барлық жауапкершiлiкпен тағы да атап көрсетемiн.

Екiншi. Қазақстандақазiргiзаманғысаясижүйенiдамытумiндетiтұр.

Бұл үдерiсте саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиiс.

Партиялық механизмдi нығайту қазiргi заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерiстерге кеңiнен тартуға жағдай жасайтын болады.

Қазiргi сатыда "Нұр Отан" партиясы­ның басым моделi Қазақстанның саяси жүйесiндегi оңтайлы пiшiн ретiнде қарастырыла алады.

Бұл алдағы уақытта басқа да саяси партиялардың сайлауға қатысып, Парламенттен өз орнын алуына және барлық үдерiсте