Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.08.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар

Қадiрлi отандастар!

Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi!

Ханымдар мен мырзалар!

Биыл — бiз үшiн ерекше қастерлi жыл.

Бiз ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылды­ғы­на қадам бастық.

Бодан жұртты бүгiнгiдей бостан күн­ге жеткiзген бұл жолда бiз биiк белестердi бағындырдық.

Естерiңiзде болар, 1997 жылғы ха­лық­қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едiм:

«2030 жылы бiздiң ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдiк оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмiр сүретiн болады».

Осы сөздерге кезiнде күмән келтiргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, дiттеген бұл межеге бiз 33 жылда емес, бiр мүшел жастың өзiнде жеттiк!

Күнi кеше Астанада 56 елдiң бас­шы­лары мен халықаралық ұйым өкiл­дерiнiң басын қосқан Саммит — соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлi белестен бұрын да бiз бiршама биiктердi бағындырдық.

Бiз талайлы заманда тарыдай ша­шы­лып кеткен қандастарын атамекенге жи­наған әлемдегi үш елдiң бiрi болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мың­нан астам отандасымыз келiп, ха­лық саны бiр жарым миллионға артты.

Бiз Сарыарқаның сайын даласына сәулетi мен дәулетi келiскен Астана салдық.

Есiлдiң жағасына серпiндi дамуы­мыз­дың символы болған еңселi Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәттi, саясаты сарабдал елдiң ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резервi бүгiнде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс — ынтымаққа жолығады, дәулет — бiрлiкпен толығады.

Тәуелсiздiк жылдарында ел эконо­микасына 120 миллиард доллардан астам шетелдiк инвестиция тартылды.

Сонымен қатар бiз әлемнiң 126 елiне 200-ден астам өнiм түрiн шы­ға­ра­мыз.

Бүгiнде ұлттық дәулетiмiздiң үш­тен бiр бөлiгi шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келедi.

Iшкi жалпы өнiм өсiмi 2010 жылы 7 пай­­­ыз, өнеркәсiп өндiрiсi — 10 пайыз, өң­деу өнеркәсiбi 19 пайыз мөлшердi құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейiн артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейi жөнiнен әлем мемлекеттерiнiң рейтингiнде Қа­зақ­стан өткен жылы 26 сатыға iлгерiлеп, 110 ел арасынан 50-шi орынға көтерiлдi.

Бiздегi орташа айлық жалақы 5 жарым е????сеге, зейнетақының орташа көлемi 4 есеге көбейдi.

Бiз дүниенi дүрбелеңге салған дағдарыстан демiкпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қой­­дық және оларға қысқа мерзiмде қол жеткiздiк.

Тәуелсiздiк жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысан­да­ры салынды.

Медицина мекемелерiнiң материал­дық-техникалық базасы айтарлықтай жақ­сарды.

Елiмiз бiлiм беру iсiн дамытуда 129 елдiң арасында көш бастаушылар қата­рында келедi.

Өткен онжылдықта бiлiмге бөлi­не­тiн қаражат 10 есеге көбейдi.

Осы жылдары 750 жаңа мектеп са­лын­ды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейiнгi мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.

Астанада ғылым мен бiлiм индус­трия­сының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Бiз осылайша аз жылда абыройы арт­қан айдынды елге, қуатты ұлтқа айнал­дық.

Осының бәрi жұртымызды жаһан­дық ауқымда ойлауға баулу мақса­тында жасалуда.

1. Жеделдетiлген экономикалық жаң­ғырту — Үдемелi инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы

Құрметтi қазақстандықтар!

Бiз Тәуелсiздiктiң жиырмасыншы жылына аяқ бастық.

1991 жылдың желтоқсанында, өзi­мiз­дiң стратегиялық мақсатымыз ретiнде орнықтылық пен табысқа жетудi таң­дап ала отырып, бiз әр жаңа ке­зең­нiң дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Бiз кеуделi мiндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткiздiк.

Ел iлгерiлеуiнiң шоғырланған көр­сет­кiшiн ғана келтiрейiн.

1994 жылы жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiм жетi жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткiш 12 еседен артық өсiп, 9 мың АҚШ долларынан асып түстi.

Бiз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетемiз деп есептеп едiк.

Әлемдiк тәжiрибе тәуелсiздiктiң ал­ғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткiзе алмағанын көрсетедi.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққан­дағы iшкi жалпы өнiм Оңтүстiк Кореяда 3 есе, Малайзияда — 2 есе, Сингапурда — 4 есе, Венгрияда — 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында ел хал­қына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттiм.

Қазiрдiң өзiнде оны жүзеге асы­ру­дың алғашқы жылының нақты қо­ры­тындылары бар.

Бiз 152 кәсiпорынды iске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұ­рақты жұмыспен қамтамасыз еттiк.

Бүкiл ел бойынша барлығы сегiз жүзге жуық әртүрлi өндiрiс орны құ­рылды.

Бiз химия және жеңiл өнеркәсiптi белсендi түрде қалпына келтiру мен да­мы­ту үдерiсiн бастадық, ауылшаруа­шы­лық өнiмдерiн өңдеуде серпiлiс жасадық.

2014 жылға дейiн жалпы құны 8,1 трил­лион теңгенi құрайтын 294 ин­вестициялық жобаны жүзеге асыру жос­парланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есеп­телген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжыл­дық­тың алғашқы жылының басты қо­рытындысы — экономиканың нақты­лы секторының есебiнен экономика­лық өсуде елеулi құрылымдық өзге­рiстердiң басталуы.

Таяу онжылдықтағы Стратегия­лық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейiн.

2020 жылға қарай бiз мынандай көрсеткiштерге қол жеткiзуге тиiспiз.

Iшкi жалпы өнiм өсуi кемiнде 30 пайыз болады.

Өңдеушi салалардағы өсiм игерушi салалар деңгейiнен асып түседi немесе соған жетедi.

Ұлттық қордың активтерi IЖӨ-нiң кемiнде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикiзаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдiк инвестиция кемiнде 30 пайызға артады.

Iшкi жалпы өнiмдегi шағын және ор­та бизнестiң үлесi 40 пайызды құ­райды.

Халықтың саны 18 миллион адам­ға жақындайды.

Бiлiктi мамандардың үлесi 40 пай­ыз­ды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейi 5 пайызға дейiн төмендейдi.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек­тiң өнiмдiлiгi 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседi.

Аграрлық секторда еттi мал ша­руашылығын дамыту жөнiнде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзiнде ет экспорты 60 мың тоннаға жетедi, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелiк несие ресурстарын бөледi.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм­кiн­дiк бередi, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кiрiс көзiне айналады. Мұның өзi малдың барлық түрiнiң асыл түлiктерi мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкiндiк бередi.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда — ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсiбiнде, жемшөп өндiрiсiнде, техника жөндеуде өндiрiстi ұлғайтуға қозғау салады.

Үкiмет, барлық өңiрлердiң әкiмдерi селодағы индустрияландырудың осы­нау маңызды бөлiгiмен айналысуға тиiс.

Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi қуат шығындарын азай­ту­ды қамтамасыз ететiн тиiмдi тех­нологияларға негiзделуi керек.

Шикiзаттық емес секторларды да­мы­ту мақсатында Үкiметке Қуат тиiм­дiлiгiнiң кешендi жоспарын жасап, бекiтудi тапсырамын.

Индустрияландыру өңiрлiк саясат­тың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкiмет әкiмдермен бiрлесе отырып Өңiрлердi дамыту бағдарламасын жасап, бекiтуi керек.

Мұның барлығы — бiздiң саналған-сараланған жоспарларымыз.

Бiз әлi жол басында тұрмыз.

Егер жақсырақ, дәулеттiрек өмiр сүргiмiз келсе, бiз осы жұмысты ат­қаруға тиiспiз.

Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақ­тау­шымын.

Бiз алғаш рет «Мемлекеттiк бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабыл­дадық.

Бақылау жүргiзудiң бүкiл мемлекеттiк органдар үшiн ортақ қағидат­тары мен тәртiбi белгiленген. Бұл бизнеске әкiмшiлiк қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшiн жасалды.

Құқық қорғау жүйесiн реформалау аясында қазiрдiң өзiнде 16 заң қа­былданды.

Меншiктi қорғаудың құқықтық те­тiктерi енгiзiлдi, үлкен қоғамдық қауiп төндiрмейтiн қылмыстар бойын­ша қылмыстық заңдылықты iзгiлендiру жүргiзiлдi, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қа­мауға алуға балама жазаларды қол­да­нудың аясы кеңейтiлдi. Осының ар­қа­сында биылғы жылдың өзiнде ауыр­лығы азын-аулақ және орташа қыл­мыс­тары үшiн сотталған екi мыңға жуық адам бостандықтан айыру орында­ры­нан шығарылады.

Құқық қорғау органдары аппарат­тарының саны 15 пайызға қысқар­тыл­ды. Олардың құрылымдары оңтайлан­ды­рылды.

Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берiлдi.

Сот жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалуда.

Сыбайлас жемқорлықпен бiтiспес күрес жүрiп жатыр.

Қазiргi таңда халықаралық сарап­шы­лардың бағасы бойынша Қазақ­стан­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиiмдiлердiң бiрi деп танылған.

Тек 2 жылдың iшiнде қылмыстық жауапкершiлiкке 40-тан астам рес­пуб­ликалық деңгейдегi жетекшi, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкiм мен олар­дың орынбасарлары бар.

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерiнiң, статистика жө­нiндегi агенттiк төрайымының, тө­тен­ше жағдайлар және қорғаныс вице-ми­нистр­лерiнiң, «Қазақстан темiр жолы» компа­ния­сы басқарма төрағасының, «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қазатомпром» ком­па­ния­лары президенттерiнiң үстiнен қыл­мыс­тық iс қозғалып, жауапкершiлiкке тартылды.

Үш жылдың iшiнде бiздiң елiмiз әлем­дiк антикоррупциялық рейтингтегi көр­сеткiшiн бiрден 45 сатыға жақ­сарт­ты.

Осы индекс бойынша бiз бүкiл ТМД-да үздiк позицияда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.

Бүкiләлемдiк банктiң 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүд­десi үшiн реформа жүргiзуде көш­басшы деп танылған.

Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөнiндегi әлемдiк рейтингте Қазақстан 183 елдiң арасынан 59-шы орынды иеленедi.

Тұтастай алғанда мемлекеттiк ор­ган­дардың шаруашылық жүргiзушi субъек­тiлердiң қызметiне негiзсiз араласу фактiлерi тыйылды деуге жақын қалды.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтiң Кедендiк одағы жұмысын бастады.

2010 жылдың 10 айының нәтиже­сiнiң өзiнде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемi 38 пайызға өстi.

Қазақстандық өнiмдердiң Кедендiк одақ елдерiне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендiк баждың өсiмi 25 пайыз болды.

Осының бәрi Кедендiк одақтың бiздiң елдерiмiздiң экономикалық мiндеттерiн шешетiн өте прагматикалық әрi нақты жоба екенiн ап-анық көрсетедi.

Бiз Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру iсiнде барынша iлгерiледiк. Ол кеңiстiк қазақстандық өндiрушiлер үшiн өнiм өткiзудiң байтақ базарын ашады.

Бұл бәсекеге шыдас беретiн тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшiн бiздiң бизнесiмiздi ынталан­дырады.

2. Әлеуметтiк жаңғырту — жаңа әлеуметтiк саясат

Бiз өзiмiздiң индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұр­ғыдан дамыту жөнiндегi жоспар­ла­рымызды нақпа-нақ айқындап алдық.

Бiздiң бағдарламаларымыздың бас­ты мақсаты — халықтың әл-ауқатын нығайту.

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтiк жаңғырту мәселелерiне ерекше назар аударып тұрмын.

Мен үш аса маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды — бiлiм беру, денсаулық сақтау және тiлдердi дамыту бағдарламаларын бекiттiм.

Үкiметке әкiмдермен бiрлесе оты­рып биылғы 1 мамырға дейiн мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарлама­ларды, яғни:

жұмыспен қамтудың жаңа стра­те­гиясын;

тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық­ты жаңғырту;

халықты сапалы ауыз сумен қам­тамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабыл­дау­ды тапсырамын.

Бұл бағдарламалар елдiң мил­лион­да­ған қарапайым адамдарының күн­бе-күнгi мәселелерiн шешуге бағыт­тал­ған.

Олар қазақстандықтардың өмiр са­пасын жақсартады.

Жаңа әлеуметтiк саясаттың басты ас­пектiлерiне нақтырақ тоқталып өт­пек­пiн.

2.1. Бiлiм беру

Бiз бiлiм берудi жаңғыртуды одан әрi жалғастыруға тиiспiз.

Бүгiнде мектептердi компьютерлендiру толықтай аяқталды.

Орта бiлiм берудiң 12 жылдық моделi енгiзiлуде.

«Өмiр бойы бiлiм алу» әрбiр қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиiс.

Бiз кәсiптiк және техникалық бiлiм берудiң мазмұнын толық жаңарт­пақ ниеттемiз.

Бүгiнде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор­нына дейiн келедi.

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етiп жасап шығарып жатыр.

60 кандидаттың 1-i және 37 док­тор­дың 1-i ғана ғылымға барады.

Осы жылдан бастап ол кеңестердiң жұмыстары тоқтатылады.

Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.

Бiз университеттiк бiлiм беру мен ғы­лымды дамытудың жаңа деңгейiн қам­тамасыз етуге мiндеттiмiз.

Бүгiнде жаңа «Назарбаев уни­вер­си­тетi» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделi қалыптасты­ры­луда.

Ол барлық қазақстандық жоо-лар үшiн үлгi болуы керек.

Менiң тапсырмам бойынша бүкiл елде ашылып жатқан 20 зияткерлiк мектептер дарынды балаларды үздiк жоо-лар үшiн дайындаудың не­гiзгi арқауына айналатын болады.

Үкiметке мыналарды тапсырамын:

● жоо-лардың инновациялық қыз­мет­ке көшу тетiгiн қалыптастыру;

● бiлiм берудiң сапасын арттыру және қолжетiмдiлiгiн кеңейту үшiн бiлiм беруге қолдау көрсетудiң жаңа қаржы­лық-экономикалық құралдарын енгiзу;

● техникалық және жоғары бiлiм бе­рудiң деңгейлерi үшiн бүгiнде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесiн әзiрлеу.

Қазақстандықтарда мемлекеттен пай­ыз­дық бонустар ала отырып бала­ларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болуға тиiс.

● бизнес-қауымдастықтар мен жұ­мыс берушiлер өкiлдерiн қатыстыра оты­рып Кәсiптiк-техникалық кадр­лар дайын­дау жөнiнде ұлттық кеңес құру.

Бiлiм беру жүйесiндегi барлық жұ­мыс мынандай нәтижелерге қол жет­кiзуге бағытталуы тиiс.

Мектепке дейiнгi бiлiм берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесi 2015 жылға қарай 74 пайыз­ды, 2020 жыл­­ға қарай 100 пайызды құ­райтын болады.

Менiң тапсырмам бойынша қабыл­дан­ған «Балапан» бағдарламасын жү­зеге асыру нәтижесiнде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-ор­та­лық, 137 жекеменшiк балабақшалар салынды.

Бұрын жекешелендiрiлiп кеткен мек­теп жасына дейiнгi мекемелердi қай­тару есебiнен 172 балабақша ашылды.

Балаларды мектепке дейiнгi ұйым­дармен қамту 30-дан 55 пайызға дейiн өстi.

2020 жылға қарай бiз оқытудың 12 жылдық моделiне толықтай көшетiн бо­ламыз. Ол үшiн бiз 2015 жылға қа­рай республикалық бюджет қаржысы есебiнен кемiнде екi жүз мектеп салып, осынша мектептi жергiлiктi бюджет есебiнен тұрғызамыз.

2015 жылға қарай бiлiм беру ұй­ым­дарының 50 пайызы электронды оқы­туды пайдаланып, 2020 жылға қа­рай оның саны 90 пайызға дейiн артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық аккредитациялаудан өткен жоо-лар үле­сi 30 пайызды құрайтын болады.

Инновациялық қызметтi жүзеге асы­ра­тын және ғылыми зерттеулердiң нәти­желерiн өндiрiске енгiзетiн жоо-лардың үлесi 5 пайызға дейiн артады.

Кемiнде 2 жоғары оқу орны үздiк әлемдiк университеттер рейтингiнде аталатын болады.

Сапалы бiлiм беру Қазақстанның ин­дустрияландырылуының және ин­но­ва­циялық дамуының негiзiне айналуы тиiс.

2.2. Денсаулық сақтау

Осы жылдар бойына бiз қазақ­стан­дықтардың денсаулығын жақсарту үшiн қажет нәрсенiң бәрiн жасадық.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы IЖӨ-нiң 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейiн ұл­ғайды.

Бүгiнде бүкiл ел көлемiнде тұңғыш рет медицинаның ең бiр күрделi ба­ғыт­тары бойынша операциялар жасалуда.

Жетекшi шетелдiк клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина ор­талықтары құрылды.

Осыдан жиырма жыл бұрын бiзге ол тек арман ғана болатын.

Жүргiзiлген жұмыс нәтижесi ретiнде бала туудың 25 пайызға көбейгенiн, адам өлiмiнiң 11 пайызға төмендеп, ха­лықтың табиғи өсiмiнiң 1,7 есе арт­қанын атап өтуге болады.

2013 жылы Бiртұтас ұлттық ден­саулық сақтау жүйесiн енгiзу аяқталады.

Бiз аурудың алдын алуға шындап кi­рiсiп, бастапқы медициналық-сани­тарлық жәрдемнiң сапасын арт­ты­руымыз керек.

Халықаралық бағалаулар бойынша, негiзгi науқастар түрлерiмен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерiнiң 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

Профилактикалық жұмыстарды сауат­ты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағ­дайын бақылаудың ұлттық бағ­дарламалары кешенiн енгiзу қажет.

Бiрiншi кезекте, олар балалар, жас­өспiрiмдер, бала туу жасындағы әйел­дер.

Ауыл тұрғындары үшiн меди­циналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.

Өткен жылы жаңа әлеуметтiк жоба — мамандандырылған емдеу-диагнос­ти­калық екi «Денсаулық» пойызы жұ­мысын бастады.

Олар елiмiздiң ең шалғай түкпiр­лерiнде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексерiп, ем жасады.

Қазақстан үшiн көлiктiк медицина өте көкейкестi, сондықтан бiз оны дамытатын боламыз.

Биылғы жылы тағы бiр пойыз жiберiлетiн болады.

Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бiрлiкке дейiн жеткiзу қажет.

Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиiс.

Үкiметке 2015 жылға дейiн сани­тарлық авиация мұқтажы үшiн кемiнде 16 тiкұшақ ұйымдастыруды қам­та­масыз етудi тапсырамын.

Сол сияқты жол бойындағы меди­циналық-құтқару пункттерiн құру мәселесiн жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауiптi учаскелерiнде орналастыру қажет.

Төтенше медициналық жәрдем қыз­метi көп салалы жұмылғыш және аэ­рожұмылғыш госпитальдармен жа­рақ­тандырылуы тиiс.

Бұл шаралардың бiздiң мыңдаған азаматтарымыздың өмiрiн құтқарып қалатынына сенiмiм мол.

Қылмыстық-атқару жүйесiндегi туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлiм деңгейiн төмендетуге мұ­қият назар аудару қажет.

Осы мiндеттердi орындау нәти­же­сiнде 2015 жылға қарай қазақ­стан­дықтардың өмiр жасының күтiлетiн ұзақтығы 70 жасқа дейiн, ал 2020 жыл­ға қарай 72 жасқа дейiн ұлғая­тын болады.

Саламатты өмiр салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.

2015 жылға қарай 350 дәрiгерлiк амбулаториялар, фельдшерлiк-акушерлiк пункттер және емханалар салы­натын болады.

2.3. Тiлдердi дамыту

Көп тiлдi және көп конфессиялы қоғамдағы бейбiтшiлiк пен келiсiм — бұл сiздер мен бiздiң еңбегiмiз, құрметтi қазақстандықтар.

Қазақстандықтардың өзiмiз өмiр сүрiп, елiмiздi жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттiк қазақ тiлiн құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудiң өзi қуанышты.

Бүгiнде мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi басым көпшiлiктi құрайды.

Бұл Тәуелсiздiктiң орасан зор жетiстiгi.

Бiздiң мiндетiмiз — 2017 жылға қарай мемлекеттiк тiлдi бiлетiн қазақ­стандық­тар санын 80 пайызға дейiн жеткiзу.

Ал 2020 жылға қарай олар кемiнде 95 пайызды құрауы тиiс.

Ендi он жылдан кейiн мектеп бiтiрушiлердiң 100 пайызы мемлекеттiк тiлдi бiлiп шығатын болады.

Ол үшiн бiз бәрiн де жасап жатыр­мыз.

Бiз сол сияқты орыс тiлiн және өзге де қазақстандық этностар тiлiн да­мы­татын боламыз.

Мен қазiргi заманғы қазақстандық үшiн үш тiлдi бiлу — әркiмнiң дербес табыстылығының мiндеттi шарты екендiгiн әрдайым айтып келемiн.

Сондықтан 2020 жылға қарай ағыл­шын тiлiн бiлетiн тұрғындар саны кемiнде 20 пайызды құрауы тиiс деп есеп­теймiн.

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

Екi жыл iшiнде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберiнде бiз халықты еңбекпен қамтамасыз етiп, жұмыссыз­дық­ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым­дар­ды жақсарттық.

Бұл бағдарламалар қазақстан­дық­тар­дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.

Бүгiнде жаңа экономика бiлiктi кадрлардың жаңа генерациясын талап ететiн болғандықтан еңбек рыногының тиiмдiлiгiн арттыру қажет.

Өзiн өзi еңбекпен қамтып отырған тұрғындар — бiздiң экономикамыздың зор кадрлар резервi.

Жаңа кәсiпорындарды бiз оларда қазақстандықтардың жұмыс iстеуi үшiн салып жатырмыз.

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулерi қажет.

Үкiметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi­мен бiрлесiп, 2011 жылдың 1 мамы­ры­на дейiн халықты еңбекпен қамту жө­нiнен қағидатты түрде жаңа бағ­дарлама әзiрлеудi тапсырамын.

Үкiмет бизнес-қауымдастықпен бiр­лесiп индустриялық нысандарда жұмыс iстегiсi келетiндер үшiн тегiн кәсiптiк оқу ұсынуы керек.

Әрбiр қазақстандықтың елдi ауқым­ды индустрияландыруға қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету қажет.

Кезiнде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбiр қазақ­стандықтың отбасына дейiн жететiн болсын деген мiндет қойдым.

Ол табысты жүзеге асырылды.

Осы тәжiрибенi пайдалана отырып, қазiргi уақытта жұмысты индустрия­лан­дыру шынымен де бүкiлхалық­тық сипат алып, әрбiр қазақстан­дық­тың iсi болатындай етiп құру қажет.

Өз өмiрлерiн ауылмен байланыс­тарғандар үшiн Үкiмет жергiлiктi билiк органдарымен бiрлесiп, селолық кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнен шаралар кешенiн әзiрлеуге тиiс.

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

Ендi бұл жұмыстар Елдiң 2020 жыл­ға дейiнгi аумақтық-кеңiстiктiк дамуы­ның болжамдық схемасы шеңберiнде одан әрi жалғасатын болады.

Даму әлеуетi жоғары елдi мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетiмдiлiк кеңейтiлiп, кәсiпкерлiк дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

Қазiрдiң өзiнде микронесиелiк ұй­ымдар қызметiнiң құқықтық негiзi бар.

Бүгiнде рыноктағы олардың саны бiр мың екi жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер бердi.

Дегенмен, олар негiзiнен айтарлық­тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну­шылық мақсаттарға жұмсалуда.

Ахуалды өзгертiп, тұтынуға емес, ең­бекпен қамту жағына басымдық беру керек.

Сондықтан Үкiметке қаржы реттеушiлермен бiрiгiп, шұғыл түрде тиiстi заң жобасы мен кешендi шаралар жасауды тапсырамын.

Үстiмiздегi жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.

2012-2015 жылдары бұл қаржылан­ды­ру жыл сайын 10-15 миллиард тең­геге көбейтiлсiн.

Мемлекеттiк желi бойынша берiлген микронесиелердiң барлық 100 пайызы тек өз iсiн ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиiс.

Жоғарыда айтылған мал шаруа­шы­лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр­ғын­да­рына жұмыс тауып бередi.

Сондықтан атқарушы билiктiң бар­лық деңгейлерi мен «Нұр Отан» пар­тиясынан үлкен түсiндiру жұмыстары талап етiледi.

Үкiметке алдағы жылдан моти­ва­ция­лы ақшалай төлемдерге көшудi тап­сырамын.

Басты мәселе — масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшiн емес, мамандық алу үшiн грант берiлетiн болады.

Кедейшiлiк проблемаларын мемлекеттiк жәрдемақы есебiнен жұмсарту емес, шешу керек.

Мемлекет тек объективтi тұр­ғы­дан еңбекке қабiлетсiздер мен аз қам­тамасыз етiлгендерге ғана көмек­тесетiн болады.

2.5. ТКШ-ны жаңғырту

Азаматтардың өмiр сапасының озық көрсеткiшi — тұрғын үй жайлылы­ғы­ның деңгейi.

Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 мил­лион шаршы метрге ұлғайды.

Бұл бүгiнде бiр миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегендi бiлдiредi.

Бұл — бiздiң тұрғын үй саясаты­мыз­дың маңызды нәтижесi.

Көптеген жылдар бойы коммуналды сектор қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыландырылып келдi. Со­ның салдарынан 2008 жылға қарай ком­муникациялардың 72 пайызы жөндеудi немесе ауыстыруды қажетсiндi.

«Жол картасы» аясында бiз 2009 және 2010 жылдары ТКШ нысандарын жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүр­гiздiк.

Бұл жұмысты жалғастыру қажет.

Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелерiне кең ауқымды жаңғырту жүргiзiп, сондай-ақ тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құруды қамтамасыз ету қажет.

Күрделi жөндеудi қажет ететiн ны­сан­дардың үлесi 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуi тиiс.

Жаңғыртылған жүйелердiң ұзын­ды­ғы 2015 жылға қарай ел бойынша тұ­тастай алғанда 31 мыңнан астам ша­қырымды құрайтын болады.

Мемлекет халықаралық қаржы инс­ти­туттары мен бiздiң банктерiмiздi тарта отырып, жеке инвесторларға, кәсiп­орындар мен азаматтарға тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және реконструкциялау үшiн қаржы­ландырудың бiрлескен арнайы тетiктерiн ұсынады.

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жыл сайын 10 мыңға жу­ық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi.

Тұтастай алғанда, оны жүзеге асы­руға 1,5 миллион адам — көппәтерлi тұрғын үйлердiң тұрғындары қатысады.

Үкiметке ортақ мүлiктi жөндеу мен қалпына келтiруге қаржы жинақтауды ынталандыру мен қосыла қаржылан­дырудың тетiгiн жасауды тап­сыра­мын.

Бiз тек осылай еткенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсартып, азаматтардың өз мүлкiн сақтауға жауапкершiлiгiн жоғарылата аламыз.

2.6. Сапалы ауыз су

Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi — ха­лық­тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды мiндетi, сондықтан бұл бiздiң басымдығымыз болады.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын бас­тал­ған болатын және оның оң нәти­желерi бар.

Орталықтандырылған сумен қам­та­ма­сыз етуге қолжетiмдiлiк ауылды елдi мекендерде 41 пайызға дейiн, қала­лар­да 72 пайызға дейiн өстi.

Тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды.

Сонымен бiрге, сумен қамтамасыз ету жүйелерiн жақсартуды қажет ететiн ауылдар да әлi аз емес.

Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерiнiң 60 пайызының тозығы жет­кен.

Орташа алғанда республика бойын­ша ауыз суға қолжетiмдiлiк деңгейi 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиiс, ал судың сапасы белгiленген бар­лық сани­тарлық нормаларға сай болуы керек.

Үкiметке жеке капиталды су ша­руашылығы секторына барынша молы­нан тарту үшiн ынталандырудың тиiмдi жолдарын қарастыруды тап­сыра­мын.

Жерасты суларының әлеуетiн кеңi­нен пайдаланып, сумен қамтамасыз ету­дiң жаңа нысандарын салу кезiнде жүйелi қадамдар жасау керек.

2020 жылға қарай сумен қамтама­сыз етудiң орталық желiсiне қолжетiм­дiлiк қалаларда 100 пайызды құрауы тиiс.

Ал ауылды жерлерде екi есе артып, 80 пайызға дейiн жетуi қажет.

2.7. Табыстардың артуы — өмiрдiң жаңа сапасы

Құрметтi қазақстандықтар!

Үстiмiздегi жылы бiз зейнетақылар мен стипендиялар көлемiн, бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақыларын 30 пайызға өсiремiз.

Екi жыл қатарынан бiз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдiк.

«Нұр Отан» партиясының Халық­тық тұғырнамасында жоспар­лан­ға­нын­дай, 2012 жылға қарай зейнет­ақы­лар­дың, бюджеттiк ұйымдар еңбекақы­лары­ның және стипендиялардың орташа көлемi 2008 жылмен салыстыр­ғанда 2 есе өседi.

Бiз бұған уәде бердiк, бiз мұны орындадық.

Менiң тапсырмам бойынша үш жылдық бюджетте сiздерге айтқан индустриялық-инновациялық, сондай-ақ әлеуметтiк бағдарламаларды қар­жы­лай қамтамасыз ету қарас­тырылған.

Ендi барлығы Үкiмет пен жергiлiктi билiк органдарының бұл мiндеттердi қалай орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдасты­рыла­тынына байланысты болмақ.

Бұл — таяудағы онжылдықта жа­салуы тиiс жұмыстың ең аз деген мөлшерi.

Бiз бұл жоспарларды артығымен орындауға ұмтылуға тиiспiз.

Онжылдықтың басты әлеуметтiк мақсаты, мiне, осында.

Қымбатты қазақстандықтар!

Менiң Жарлығыммен 2011 жыл Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы деп жарияланды.

Мемлекеттiк комиссия құрылып, шараның Жалпыұлттық жоспары бекiтiлдi.

Бұл — жалпыхалықтық iс.

Үкiметке оны жүзеге асыруда ин­весторлардың, бизнес-қауымдастық­тары­ның, қазақстандықтардың күшiн бiрiктiрудi тапсырамын.

«БЕЙБIТШIЛIК ПЕН ЖАСАМ­ПАЗ­ДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ»  — бiздiң мерейтойымыздың ұраны осы.

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан жолының — БОСТАНДЫҚ, БIРЛIК, ТҰ­РАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секiлдi ар­қау­лық құндылықтары қалыптас­ты­рыл­ды.

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметтi депутаттар!

Мен үшiн және бәрiмiз үшiн Пре­зиденттiң өкiлеттiгiн 2020 жылға дейiн ұзарту бойынша референдум өткiзу ту­ралы жалпыхалықтық бастамаға бай­ла­нысты әжептәуiр саяси коллизия қалыптасып отыр.

Мен референдумды қолдап, өзде­рi­нiң қолдарын қойған барлық қазақ­стан­дықтарға, сондай-ақ акция бас­та­машыларына шынайы ризашылы­ғым­ды бiлдiремiн.

Халықтың еркiн бiлдiруi толқы­нын­да қаңтардың ортасына қарай Орталық сайлау комиссиясы 5 миллионнан астам адамның қол қойғанын жа­риялады.

Санаулы күндер iшiнде референдум туралы бастама iс жүзiнде бүкiл­ха­лықтық қозғалысқа айналды.

Осы акция барысында «Нұр Отан» партиясы демократиялық күштердiң «Қазақстан-2020» қоғамдық коали­ция­сын құрды.

Халықтық бастама қазақстандық­тардың өшпейтiн азаматтық белсендiлiгiн көрсеттi.

Ол елдiң саяси, интеллектуалдық өмiрiн белсендiлендiрдi.

Бұл даму мен прогрестiң үлкен әлеуетi барлығын айғақтап бердi.

Сiздер осы мәселе бойынша бар­лық жағдаяттарды жақсы бiлесiздер.

Мен өзiмнiң Жарлығыммен Парла­менттiң референдум өткiзу туралы ұсы­­­нысын қабылдамай тастадым. Өйт­­кенi, 2012 жылғы президенттiк сай­лауға қатысуға дайындалып жүрген едiм.

Парламент, өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiн пайдаланып, Конституция­ға өзгерiс енгiзу туралы Заң қабыл­дады.

Мен заңды Конституциялық Ке­ңес­ке жолдадым, ол оның конститу­ция­лығын айқындауы тиiс.

Тек осыдан кейiн шешiм қабыл­данатын болады.

Ол Конституция мен бiздiң заң­дары­мызға сәйкес келуi және халқы­мыздың ұзақ мерзiмдi мүддесiн ескеруi тиiс.

Қалай болғанда да, халықтың еркi — бәрiнен жоғары.

Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта бiз бүкiл әлемдегi инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға мiндет­те­ме­ле­рiмiздiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiндiгiмiздi мәлiмдеймiн.

Бiздiң саясатымыз барлық әрiп­тес­терiмiздiң үмiттерi мен күткендерiне сәй­кесетiн болады.

Қазақстан Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендiк одағын жедел де тиiмдi дамыту ұстанымында қалады.

Бiз ТМД елдерiмен ынтымақтас­ты­ғымызды дамытатын боламыз.

Бiз еуропалық әрiптестерiмiзге бiрлесiп, көпжақты немесе екiжақты пiшiнде «Қазақстан — ЕО:2020» энер­ге­тикалық хартиясын жасап, қабыл­дауды ұсынамыз.

Бұл Еуропа рыногына энергия ре­сурстарын жеткiзу, тұрба құбыры жүйесiн дамыту тұрақтылығына кепiлдiктi қамтамасыз етедi.

Бiз осы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференция өткiзуге бастамашылық таныт­пақпыз.

Бұдан бұрын мен Каспийдегi тұ­рақ­тылық пактiсiн қабылдау идеясын ұсынғанмын.

Бұл халықаралық құжат Орталық Азия мен Кавказдың барлық кең байтақ өңiрiнде тұрақтылықтың берiк iргета­сын қалай алады.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шең­берiнде бастаған жанжалдарды реттеу жөнiндегi жұмысын жалғастырады.

Бiз жаһандық ядролық қауiпсiздiк саласында көшбасшы болып қалып отырмыз.

Қазақстан БҰҰ-ға Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабыл­дау­ды ұсынады.

Сондай-ақ Қырғызстанға көмек­тiң мемлекетаралық бағдарламасын жасап, қабылдау маңызды деп са­най­мын.

Үстiмiздегi жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына жетекшiлiк етедi.

Бiз Батыс пен Ислам әлемi үн­қа­ты­суын нығайту бойынша бастама көтердiк.

ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық век­то­рын күшейтуi тиiс.

Үстiмiздегi жылдың шiлдесiнде Аста­нада Шанхай ынтымақтастық ұйы­мының мерейтойлық саммитi өтедi.

ШЫҰ бiздiң белсендi қаты­суы­мыз­бен құрылған болатын және бiз оның нығаюы үшiн барлық қажеттi нәрсенi жасауға тиiспiз.

Мұның барлығы Қазақстанның өңiр­лiк және жаһандық тұрақ­ты­лық­ты нығайтуға қосқан маңызды үлесi болады.

Қадiрлi қауым!

Қымбатты қазақстандықтар!

Таяуда Елбасы өкiлеттiгiн ұзарту үшiн бүкiлхалықтық референдум өт­кiзу туралы бастама көтерiлгенiн бар­ша­ңыз бiлесiздер.

Бастамаға үкiметтiк емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкiлдерi мен Парламент депутаттары қолдау бiлдiруде.

Мен елдiң бұл ыстық ықыласын тәуел­сiздiктi нығайту, мемлекеттi ор­нық­тыру iсiне берген бағасы деп бiлемiн.

Отанды қалтқысыз сүю — оның суы­ғына шыдап, ыстығына күюдi талап етедi.

Менiң ғұмырым ел тағдырымен еншiлес.

Маған Сират көпiрiндей қылпылда­ған кезеңде тәуелсiздiк алып, мемлекет құру iсi сенiп тапсырылды.

Сондықтан, мен сенiмге серт берiп, бар жауапкершiлiктi мойныма алдым.

Күрмеуi қиын түрлi тағдырлы шешiмдердi жүрегiмнен өткiзiп қабыл­дадым.

Мен 20 жылдан берi бар күш-жiге­рiм мен бiлiк, тәжiрибемдi аямай, хал­қыма қалтқысыз қызмет етiп келемiн.

Осы жылдары мәртебемiздi көтерiп, мерейiмiздi асырған барша жетiстiктерiмiз — бiздiң ортақ табысымыз.

Сондықтан, бастамашы азаматтар мен тiлекшi болған барша қазақстан­дықтарға ризашылық бiлдiремiн!

Мен үшiн қашанда мемлекет мүд­десi мен ел игiлiгi жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.

Алдымызда атқарылар қыруар iстер бар.

Бұл жолда бiздiң ең басты бай­лығымыз — берекелi бiрлiгiмiз.

Мен ауызбiршiлiктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәмiл сенемiн.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар.

Бiз бүгiнгi Жолдау арқылы мерейлi белестегi атқарған iстерiмiздi қорытын­дылап, болашаққа бағдар жасадық.

Баршаңызға ел игiлiгi, мемлекет мүд­десi жолындағы абыройлы iстерде мол табыс тiлеймiн!

Мерекелi күндерге жеткiзген берекелi тiрлiгiмiз баянды болсын, ағайын!

Назарларыңызға рахмет.


Мақаланың шыққан күні:: 21.07.2016 16:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.07.2016 16:27