Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

«Атырау Агро Феликс» ЖШС кәсіпорнын аралау

«Атырау Агро Феликс» ЖШС кәсіпорнын аралау2017 жылғы 25 қазанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау жәен сертификаттау институты» РМК Атырау филалымен бірлесіп «Атырау Агро Феликс» ЖШС шағын кәсіпорнынабарды.

«Атырау Агро Феликс» ЖШС - аграрлық шаруашылықпен айналысатын жас, қуатты кәсіпорын. Кәсіпорын алаңында көкөніс сақтау қоймасы, консервілеу және салат дайындау цехі бар. Кәсіпорын консервіленген көкөністерді өндіру және қайта өңдеумен айналысады. Сақтау мен қайта өңдеуге арналған көкөністерді өсіретін өз шаруа қожалығы бар. Өндіріс қуаттылығы: 370 тонна көкөніс салаты және 75 мың құтыдағы консервіленген өнім.

Кәсіпорынға бару кезінде Өнімді каталогтау ақпараттық жүйесінде әрі қарай толтыру және енгізу үшін өнімнің каталог парағының үлгісі, НТҚБМҚ (ЕГФНТД) сайтында стандарттарды алу бойынша ақпарат парағы, метрология саласы бойынша ақпарат (таразылар мен құралдарды Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркеу) ұсынылды, «Новости Госстандарта» және «Вестник» журналдары өтеусіз қолдануға берілді, сонымен қатар көрсетілетін қызмет түрлері: стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды енгізу (дайджест құру), өнімді өндіріске қою (ұйым стандартын жасақтау) және нормативтік құжаттарды актуалдандыру бойынша ақпарат ұсынылды.

Кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың және Кедендік одақтың техникалық регламенттері бойынша жүргізілген жұмыстармен танысты.

 


Мақаланың шыққан күні: 30.10.2017 00:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 09:46

Қаралым саны: 1884