Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК-не бару

«ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК-не бару2017 жылғы 19 қазанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау жәен сертификаттау институты» РМК Атырау филалымен бірлесіп «ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына барды.

Аталған кәсіпорын 6 жылдан бері 19 литр көлемдегі бөтелкедегі суды жеткізумен айналысады. Мекеменің негізгі және басты бағыты таза бөтелкедегі суды бөліп құю мен жеткізу болып табылады. Судың құрамындағы барлық ауру тудыратын бактериялар мен микроорганизмдерді жоюға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы италиялық құрылғыда суды тазалаудың жаңа көп сатылы технологиясы қолданылады, кері осмос технологиясын қолдана отырып: 0,0007 мм тесіктен қысыммен өтетін көп сатылы мембранаға су құйылады. Тесіктің мұндай диаметрі тек судың молекулаларын өткізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде су озондалады.

«Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына бару кезінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Асыл Имангалиева техникалық реттеу және метрология саласы бойынша заңнама талаптарын түсіндірді. «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының жетекші маманы Жанал Акмалиева «Интернет-дүкен» АЖ, «Онлайн қол жетімділік» қызметі, нормативтік құжаттарды актуалдандыру, ҚР-да каталогтау жүйесін енгізу, 2018-2019жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жүйесін құрастыру тәртібі, үкіметтік емес стандарттарды құрастыру және қолдану туралы түсіндірді.

Шара соңында кәсіпорын өкілдері техникалық реттеу және метрология саласы туралы ұсынылған ақпаратқа алғыстарын білдірді.


«ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК-не бару

 


Мақаланың шыққан күні: 24.10.2017 06:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 15:01

Қаралым саны: 1406