Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Сапа күніне тура келген «Дәулетов Н.А. (Ақ Желкен)» ЖК-н техникалық реттеу және метрология саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Сапа күніне тура келген «Дәулетов Н.А. (Ақ Желкен)» ЖК-н техникалық реттеу және метрология саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалымен бірлесіп ағымдағы жылғы 9 қараша күні дизайн (авторлық, логотип және фирмалық стиль), кез-келген жарнамалық және кәдесый өнімдерін дайындаумен айналысатын шағын кәсіпкер «Дәулетов Н.А.» ЖК-не барып қайтты. Бұл кәсіпорында пластикалық терезелер, перделер, жалюзи және металл конструкторлары (қоршау, қақпа және т.б.) дайындалады. «Дәулетов Н.А.» ЖК Атырау нарығында 10 жылдан аса сенімді полиграфиялық қызмет көрсететін кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорында біліктілігі жоғары мамандар қызмет етеді, жыл сайын техникалық реттеу және сапа менеджмент жүйесі бойынша оқудан өтеді. «Дәулетов Н.А.» ЖК ИСО 9001 және 18001 бойынша менеджмент жүйесін енгізуге дайындалуда.

Кәсіпкерлікке барған кезде ақпараттық сайтқа жариялау үшін өнімнің каталог парағын толтыру ұсынылды. Сонымен қатар кәсіпорында енгізуге жұмыстану үшін НТҚМБҚ-да бар ҚР СТ ИСО 9001, ҚР СТ 14001, ҚР СТ OHSAS 18001 стандарттарымен таныстырылды.


Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 07:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 14:37

Қаралым саны: 1065