Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

«Консорциум «ISKER» ЖШС кәсіпорнына бару

«Консорциум «ISKER» ЖШС кәсіпорнына бару2018 жылдың 1 наурызында ҚР ИДМ ТРжМК-нің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалымен бірлесіп «Консорциум «ISKER» ЖШС алаңында дөңгелек үстел өткізуді ұйымдастырып, барып қайтты.

«Консорциум «ISKER» ЖШС – азаматтық, өндірістік құрылыспен, жобалаумен және Атырау өзен портында порттық операциялармен айналысатын көп профильді, ірі кәсіпорын болып табылады. Консорциум Chevron, Shell, ExxonMobil, British Gas және «ҚазМунайГаз» кәсіпорындарына қызмет етеді. Кәсіпорын Тенгиз кенішін болашақта ұлғайту жобасы шеңберінде 2018 жылы 5000 адамдық жаңа вахталық «Өркен» поселкесінің құрылысымен айналыспақшы.

Дөңгелек үстел отырысы барысында «Құрылыс материалдары мен бұйымдардың, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің жобасы және «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы қаралды және оларға пікірлер жиынтығы мен НҚ тізімі ұсынылды.

Сондай-ақ, уәкілетті органның өнімді міндетті және ерікті сертификаттау, метрология, стандарттау бойынша ақпарат ұсынуы туралы, «Интернет-дүкен» ақпараттық жүйесі, «Онлайн доступ» қызметі, нормативтік құжаттардың өзектілігі және оларды қолдану тәртібі, 2019-2020 жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырыс пікірталас үлгісінде өтті, сұрақтар болып, оларға жауаптар берілді.


Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018 05:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:41

Қаралым саны: 1888