Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Казгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалында техникалық реттеу және метрология саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Посещение Филиала РГП на ПХВ «Казгидромет» по Атырауской области.2017 жылдың 14 қыркүйегінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен «Казгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалындаақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Казгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалында төмендегідей бөлімшелер бар:

1. Атмосфералық ауаның ластануын анықтау посты (ПНЗ №1)

2. Станция «Ecotech»;

3. Атмосфералық ауаның ластануын анықтау посты (ПНЗ №5);

4. Автоматты комплекс «СКАТ»;

5. Қоршаған орта мониторингінің кешенді зертханасы;

6. Атырау қаласының аэрологиялық станциясы;

7. Атырау қаласының метеостанциясы;

8. Атырау қаласының гидрометеороликалық бақылау бөлімі.

Қазіргі таңда Казгидромет жаңа бақылау пунктілерін ашуға, гидрометеороликалық қызметті жақсартуға, қоршаған орта мониторинг жүйесін, телебайланыс құралдары мен деректерді өңдеу модернизациясындамытуға көп көңіл бөлуде. Сонымен қатар Казгидромет халықаралық бағдарламалар мен жобаларды орындауға белсенді қатысуда.

Кездесудің соңында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департамент өкілдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы, соның ішінде ҚР Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін және аккредиттеу субъектілерінің деректер базасын қолдану бойынша, сонымен қатар өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижесін өзара мақұлдау ережесі туралы ақпарат берді.

Қорытындылай келе, «Казгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.

Посещение Филиала РГП на ПХВ «Казгидромет» по Атырауской области.


Мақаланың шыққан күні:: 15.09.2017 05:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.09.2017 05:23