Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Коммуналдық меншiкке қабылдау үшiн мүлiктi иесiз ретiнде есепке қою тәртiбi

ҚР Азаматтық кодексiнiң 242 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 23 бабына сәйкес меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.

Егер меншiк иесi бас тартқан заттарға меншiк құқығын алу туралы (ҚР АК 243-бабы), олжа туралы (АК 245-бабы), қараусыз жануарлар туралы (АК 246-бабы) және қазына (АК 247-бабы) туралы ережелер терiске шығармаса, иелену көнелiгiне (АК 240-бабы) сәйкес иесiз қозғалмалы заттарға меншiк құқығы алынуы мүмкiн.

Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiшi бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады.

Жергiлiктi атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнедi.

Егер меншiк иесi бұл туралы жариялау арқылы меншiк құқығынан бас тартқан жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнедi.

Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Жеке тұлғалардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы өздерінің меншікті мүлкі ретінде иеленіп келген иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және аудандық коммуналдық меншікке берілмейді.

Осындай мүлiкке басқа тұлғаның меншiк құқығы туындағанға дейiн кез келген уақытта меншiк иесi өзiне тиесiлi жылжымайтын затты иесi жоқ зат ретiнде есептен шығару туралы өтiнiш жасауға және оны өзiнiң iс жүзiндегi иелiгiне жаңадан қабылдауға құқылы.


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 08:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 08:51

Қаралым саны: 802